Без рубрики

ОРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ БЕЙӘДЕП СӨЗ АЙТҚАН АЗАМАТ 5 ТӘУЛІККЕ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Орал қаласында әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтып, өзге азаматтарды балағаттаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында әлеуметтік желілердің бірінде жарияланған бейнежазбаға назар аударған. Кадрларда ер адамның бейәдеп сөздер айтып, басқа азаматтарға тіл тигізгені байқалған.

Құқық бұзушылық туралы ақпаратты тексеру барысында полиция бейнежазбаның авторын анықтады. Ол Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны Асхат Құмаров болып шыққан.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, істі қарау нәтижесінде азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдары интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу мақсатында әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен бейнежазбалар да заң талаптарына сәйкес бағаланатынын еске салды. Қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе азаматтардың ар-намысына тиетін әрекеттер жасаған адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қолданыстағы заң талаптарын сақтап, өзге адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close