Без рубрики
ӨЗБЕКСТАНДА БІР МЕЗЕТТЕ БЕС СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Өзбекстанның Әндіжан қаласында бір ана бесемді дүниеге әкелді. Сирек кездесетін оқиға 6 шілде күні қалалық №2 перзентханада тіркелді.

Дәрігерлердің көмегімен кесарь тілігі арқылы өмірге келген бес нәрестенің үшеуі – қыз, екеуі – ұл. Босану операциясы сәтті өтіп, анасы мен сәбилерге алғашқы қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Кейін олар мамандандырылған медициналық орталыққа ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен нәрестелердің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Қазіргі уақытта олар білікті мамандардың тұрақты бақылауында болып, қажетті ем-дом қабылдап жатыр.
Бесемнің дүниеге келуі – медицинада өте сирек кездесетін жағдайлардың бірі. Мұндай жүктілік ерекше медициналық бақылауды қажет етеді және ана мен сәбилердің денсаулығына жоғары деңгейде көңіл бөлуді талап етеді.



