Без рубрики
ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІ АДАМНЫҢ БІР АПТАЛЫҚ ДЕМАЛЫСЫ ОРТАША ЕСЕППЕН 140 МЫҢ ТЕҢГЕ ТҰРАДЫ
Қазақстанда екі адамға арналған демалыстың орташа құны тәулігіне шамамен 20 мың теңгені, ал бір апталық демалыс 140 мың теңгені құрайды. Бұл сомаға тамақтану мен ойын-сауық шығындары кірмейді.

Ең қолжетімді демалыс бағыттары қатарында Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қостанай және Қарағанды облыстары бар. Бұл өңірлерде екі адамға арналған тәуліктік демалыс құны 50 мың теңгеге дейін жетеді.
Ал ең қымбат бағыттардың бірі – Бурабай. Ақмола облысында екі орындық люкс нөмірдің бағасы тәулігіне 100 мың теңгеден асады.
Алакөлде маусым айында демалыс бағасы тәулігіне 8–13 мың теңге болған. Бұл сомаға жатын орын, күніне үш мезгіл тамақ және негізгі қызметтер кіреді.
Туризм министрлігі демалыс орындарындағы бағаны мемлекет реттемейтінін, қызмет құнын кәсіпкерлер өздері белгілейтінін мәлімдеді.
Өткен жылы Қазақстан бойынша 10,1 миллион турист саяхаттаған. Оның 7,8 миллионы – қазақстандық туристер.



