Без рубрики

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА 16 МЫҢНАН АСТАМ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛІ ҚАТЫСТЫ

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Барлық өңірде аумақтарды тазалау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Экологиялық бастамаға этномәдени бірлестіктердің өкілдері де белсенді қатысуда. Олар қоғамдық орындарды абаттандыру, ағаш отырғызу, аумақтарды тазалау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарға үлес қосып келеді.

Ақмола облысында акцияға қатысушылар Сандықтау ауданындағы қоғамдық орындарды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ағаштарды, жарықтандыру бағаналарын және қоршауларды әктеп, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға атсалысты.

Ал Шымкент қаласында «Біз біргеміз» достық лагерінің қатысушылары лагерь аумағы мен оның айналасын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жастар жалғызбасты зейнеткердің үйі мен ауласын ретке келтіруге көмектесті.

Ұлытау облысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру, жасыл желектерді күтіп-баптау және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мамандардың мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында өңірлердегі «Қоғамдық келісім» мекемелері 328 экологиялық және волонтерлік іс-шара ұйымдастырған. Бұл бастамаларға 16 мыңнан астам этномәдени бірлестік өкілі мен ерікті қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, елді мекендердің тазалығы мен тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталмақ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close