Без рубрики

АСТАНАДА БҰРЫН КҮЗЕТКЕН НЫСАННАН 21 МИЛЛИОН ТЕҢГЕЛІК КАБЕЛЬ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Астана қаласының полицейлері ірі көлемдегі ұрлық қылмысын ашты. Бұрын өзі күзетші болып жұмыс істеген нысаннан 21 миллион теңгенің электр кабелін ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Полиция мәліметінше, күдікті нысан аумағына еркін кіріп, электр кабелін жасырын түрде алып кеткен. Тергеу барысында ұрланған мүліктің жалпы құны 21 миллион теңге екені анықталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті аталған нысанда бұрын жұмыс істегендіктен, оның құрылымын, күзет жүйесін және материалдық құндылықтардың орналасу тәртібін жақсы білген. Осы мүмкіндігін пайдаланып, қылмыс жасаған деген болжам бар.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close