Без рубрики

ДАСТАН САТПАЕВ «ЧЕЛСИМЕН» БІРГЕ МАУСЫМАЛДЫ ТУРНЕГЕ АТТАНАДЫ

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сатпаев лондондық «Челси» клубының маусымалды дайындығы аясындағы турнесіне қатысатын ойыншылар тізіміне енді.

Англиялық клубтың бас бапкері таңдаған құрамда жерлесіміз шабуылшылар қатарынан орын алды. Сатпаев командамен бірге Аустралия мен Азия бағытындағы оқу-жаттығу жиыны мен жолдастық кездесулерге қатысады.

Қазақстандық футболшы «Челсидің» шабуыл шебіндегі жеті ойыншының бірі ретінде аталды. Бұл – жас талант үшін клуб сапында өзін көрсетуге берілген маңызды мүмкіндік.

Дастан Сатпаевтың маусымалды турне құрамына енуі оның команда бапкерлері тарапынан жоғары бағаланып отырғанын көрсетеді. Енді ол әлемдік деңгейдегі ойыншылармен бірге дайындық кезеңінен өтіп, жаңа маусым алдындағы сынақтарға қатысады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close