Без рубрики

ҚАЗАҚСТАННАН ЖАНАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ ӘКЕТПЕК БОЛҒАН 195 ШЕТЕЛДІК ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Жыл басынан бері Қазақстанның мемлекеттік шекарасында жанармайды заңсыз әкетуге әрекеттенген 255 көлік анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Анықталған көліктердің 195-і шетел азаматтарына, ал 60-ы Қазақстан азаматтарына тиесілі болған. Олардың барлығы көліктеріне заңсыз қосымша жанармай бактарын орнатқан.

Заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз орнатылған қосымша бактар бөлшектелді.

Қазіргі таңда еліміздің шекарасындағы 59 полиция бекетінде жанармайды заңсыз әкетудің алдын алуға бағытталған бақылау және тексеру шаралары күшейтілген тәртіпте жалғасып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close