Без рубрики

ТОҚАЕВ: «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімшілік әділет және оның заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық форумға қатысып, сөз сөйледі.

Президент шетелдік қонақтарға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан үшін мемлекет пен қоғамның тұтастығын нығайту маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, елдің тұрақты дамуы билік пен азаматтар арасындағы өзара сенім мен келісімге тікелей байланысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев форум алаңында айтылған барлық сындарлы ұсыныстар Үкіметтің алдағы жұмысында ескерілетінін жеткізді. Сонымен қатар, елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы қазіргі өзгерістердің негізінде ашық диалог, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру және қоғам сұраныстарын нақты ескеру қағидаттары жатқанын ерекше атап өтті.

Президенттің сөзінше, халықпен тиімді байланыс орнату және олардың мәселелерін шешуге атсалысу – барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің, министрлердің, әкімдердің және депутаттардың конституциялық міндеті.

Форум барысында әкімшілік әділет жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close