Без рубрики

ТОҚАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРЫС ТІЛІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.

Кездесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше мемлекеттердің барлығының мүддесіне тең дәрежеде қараудың маңызын атап өтті.

Мемлекет басшысы тіл мәселесінің саясиландырылмай, керісінше халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етуі қажет екенін айтты.

Өз кезегінде Наталья Бочарова Халықаралық орыс тілі ұйымының жұмысына көрсетіп отырған қолдауы үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді. Сонымен қатар ол Ұйымның алдағы даму жоспарлары туралы мәлімет берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close