Без рубрики
ЫСТЫҚКӨЛДЕН ҰШАТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ
FlyArystan әуе компаниясы Ыстықкөлден ұшатын жолаушыларға жол қозғалысындағы уақытша шектеулерге байланысты алдын ала әуежайға келуге кеңес берді.

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, 30 шілде мен 2 тамыз аралығында Ыстықкөл өңірінде халықаралық спорттық іс-шараның өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл өзгерістер Шолпан-Ата – Тамшы әуежайы бағытына да әсер етеді.
Осыған байланысты жолаушыларға жолдағы ықтимал кептелістер мен қозғалыс өзгерістерін ескеріп, сапарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.
FlyArystan ұшу алдындағы тіркеу және қауіпсіздік бақылауынан уақытылы өту үшін әуежайға рейс ұшардан кемінде 3 сағат бұрын келуге кеңес берді.



