Қоғам

МИХАЛ ЛАБЕНДА: ҚҰЙРЫҒЫМДА ҚҰРТ БАР ЕКЕН

Қазақша еркін сөйлейтін поляк дипломаты: Михал Лабенда тоғыз тілді меңгерген

Бұл – Михал Лабенда. Ол қазақ тілін студент кезінен меңгере бастаған. Қазір Польша Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі қызметін атқарады.

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін дипломаттың сөзін тыңдаған адам оның шетелдік екенін бірден аңғармауы да мүмкін. Дегенмен, өзі қазақ тіліндегі кейбір тіркестерді әлі күнге дейін түсіне бермейтінін әзілмен айтып қалады.

Жалпы Михал Лабенда тоғыз тілді жетік меңгерген. Ол қазақ, поляк, ағылшын, орыс, араб, неміс, француз, өзбек және әзербайжан тілдерінде еркін сөйлейді.

Алматыдағы студенттік жылдары қазақ тілін үйренген дипломат бүгінде ресми кездесулерде де қазақша сөйлейді. Сонымен қатар, қазақ мәдениетін шетелде насихаттап, Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына өз үлесін қосып келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close