Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ВОКАЛДЫ АСПАПТЫ АНСАМБЛІ ЖҮЛДЕ ТӨРІНДЕ

Мақтаарал аспанында бүгін ән самғатып, жүрегіне әннен тұмар тағатын, мәңгілікке есінде қалатын, рухани байлық алатын «Сағындырған әндер-ай» атты облыстық вокалды-аспапты ансамбльдерінің ән байқауы өтті.

Облыстық «Сағындырған әндер-ай» байқауына 12 ауданнан 14 ансамбль қатысты. Байқау шарты бойынша бірінші кезеңде 80-90 жылдардағы ретро әндерді орындалса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы әндер орындалды.

Байқауға Түркістан облысы  халық шығармашылық орталығының мәдени ұйымдастырушы маманы, ҚР мәдениет саласының үздігі Зағипа Өмірзақова, Мақтаарал аудандық мәдениет үйінің Ұжым жетекшісі Жұмабаев Дүйсенби Бұхарбайұлы және Құрманбек Жандарбеков атындағы драма-театрының дыбыс режиссеры, музыка өңдеуші Бакиров Ержан төрелік жасады.

Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешуімен:

1 орын — «Қазығұрт Bаnd» вокалды-аспапты ансамблі (Қазығұрт ауданы)

Арнайы ДИПЛОМ және 400 000 тг СЕРТИФИКАТ

Байқауға белсене қатысқан «Қыздар» қыздар вокалды  ансамблі  арнайы ДИПЛОМ және 50 000тг қаржылай сыйлықпен  марапатталды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close