Спорт/Шоу-Биз

ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ ЖАРАП ТҰР

Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда спорт жыл сайын қарқынды дамып келеді. Жетістіктері бойынша өзгелерден оқ бойы озық тұратыны тынымсыз еңбек пен төккен тердің жемісі.

Ендеше, рухани шаһардың спортын дамытуға үлес қосып жүрген спорт мектептерінің жұмысын сараласақ. Айтпағмыз қаладағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жөнінде болмақ. Аталған мектептің балалары бірнеше спорт түрлерінен халықаралық, республикалық деңгейлерде топ жарып, киелі Түркістанның мерейін асырып жүргені көңілге қуаныш ұялатады. Дәл осы мектеп биылғы оқу жылының өзінде көптеген жетістіктерге жетіп, біраз биік белестерді бағындырды. Атап айтар болсақ, осы жылы қыркүйек айының 19-24 аралығында Арыс қаласында 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында, бокстан өтетін Кеңес одағының ардагері Бейсен Онтаевты еске алуға арналған ХХХІХ халықаралық турнирінде Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің жаттықтырушылары М.Сарсенбаев пен А.Алтыбаев дайындаған шәкірттер биік тұғырдан көрінді.

Дәлірек айтсақ, 50 келі салмақта Мырзан Нұрасыл 2-орын алса, дәл осы салмақта Нұрасыл Даниярұлы 3-орынды қанжығалады. Ал 44 келі салмақта жұдырықтасқан Пазылхан Мұхамедәлі жеңіс тұғырының екінші сатысына жайғасты.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 28.09 – 02.10 күндері Сайрам ауданы, Машат ауылында балалар жылына арналған бокстан 2009-2010 және  2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Ақсу жекпе-жек спорт клубының ашық біріншілігіне де М.Сарсенбаев пен А.Алтыбаев дайындаған Исрайл Ислам 34 келі салмақта І орын, Мырзан Нұрасыл 50 келі салмақта І орын, 46 келі салмақта Пазылхан Мұхамедәлі І орын, 38 келі салмақта Оңғарбай Азамат І орын, Ағатай Бекжан 32 келіде І орын және 52 келі салмақта Даниярұлы Нұрасыл ІІ орын, сондай-ақ 34 келі салмақта Егенбердиев Мейіржан ІІ орын, Асқаров Әлібек 32 келі салмақта ІІІ орын иеленді.

Одан бөлек, таеквондодан 2022 жылдың қазан айының 2-5 күндері Астана қаласында өткен 8-11 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Айтжан Еркежан 26 келі салмақта ІІ-орын, Мырзахан Шұғыла 24 келі салмақта ІІ-орын, Маханбет Нұрдаулет 30 келі салмақта ІІІ-орынды қанжығалады. Ал, қазан айының 15-18 күндері аралығында Түркістан қаласында өткен бокстан 2009-2010 және 2011-2012 жылы туған балалар арасындағы республикалық бокс турнирінде Дүйсенбек Нұрбах 34 келі салмақта І-орын, Пазылхан Мұхамедәлі 48 келі салмақта ІІ-орын, Әмзехан Ердос 38 келі салмақта ІІ-орын, Егенбердиев Мейржан 34 келі салмақта ІІІ-орын алса, Ахметов Әуез 30 келі салмақта ІІІ-орынды, Хабибулла Нұржан +60кг салмақта ІІІ-орынды олжалады. Одан бөлек қазан айының 27 – 31 күндері аралығында Сарыағаш қаласында өткен Республика күніне арналған бокстан 2005-2006 туған жастар арасындағы облыстық чемпионатта бокс бөлімінің жаттықтырушысы Алтыбаев Ағабектің шәкірті Ибадуллаев Жангелді 48 келі салмақ дәрежесінде  ІІІ – орын иеленді.

А. ДАМЕНОВ,
Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close