Без рубрики

РОНАЛДУ КӨЗ ЖАСЫНА ЕРІК БЕРДІ: ПОРТУГАЛИЯ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫМЕН ҚОШТАСТЫ

Португалия құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан 1:0 есебімен жеңіліп, турнирдегі өнерін аяқтады.

Матч аяқталғаннан кейін команданың көшбасшысы Криштиану Роналду эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді. Бұл әлем чемпионаты 41 жастағы шабуылшының мансабындағы соңғы мундиаль болды.

Роналду турнир барысында бес матчқа қатысып, барлығында толық 90 минут алаңда өнер көрсетті. Ол үш голдың авторы атанды: екеуін Өзбекстан құрамасының қақпасына, біреуін Хорватияға қарсы кездесуде соқты.

Осылайша, футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі саналатын Криштиану Роналду әлем чемпионатындағы мансабын аяқтап, жанкүйерлерімен әсерлі сәтте қоштасты.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close