Без рубрики

ҚАЗАҚСТАНДА ГАЗДАНДЫРУ ҚАРҚЫНЫ АРТАДЫ: 2035 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ХАЛЫҚТЫҢ 80%-Ы КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Қазақстанда алдағы жылдары елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқын алады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға қарай халықтың табиғи газға қолжетімділік деңгейін қазіргі 64,2 пайыздан 80 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бүгінде елімізде 13,1 миллион адам табиғи газды пайдаланып отыр. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл газ тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 40 жоба жүзеге асырылуда.

Министрлік жаңа жобалар елді мекендерді көгілдір отынмен қамту аясын кеңейтіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close