Білім

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БАСТАУЫ – ТІЛ МЕН ТАРИХ

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай білім беру мекемелерінің жас мамандарын қазіргі қоғам сұранысына лайықты кәсіби жаңашылдықпен дамыту мақсатында №72 С.Нұрмағамбетов атындағы ЖОББМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің жас мамандарына арналған қалалық семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Семинар-практикум барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №9 ІТ лицейінің мұғалімі Адильбекова Бахыт, №72 ЖОББМ мұғалімі Ділдабек Ерасыл, №80 ІТ мектеп лицейінің мұғалімі Боранбай Қажығали, №85 ЖОББМ мұғалімі Сеитмұрат Айгерім, №96 ЖОББМ мұғалімі Арыстанов Бауыржан, тарих пәнінен №4 ЖОББМ мұғалімі Оразалиева Роза, №17 ЖОББМ мұғалімі Көмекбай Жәнібек және №24 ІТ мектеп-лицей мұғалімі Дуйсебек Алтынай «Білім беруде сандық технологияларды және платформаларды тиімді пайдалану жолдары», «Кәсіби байқауға — кәсіби бағдар беру», «Оқушылардың оқылым мәтінін тіл деңгейінде талдау дағдыларын қалыптастыру», «Тарихи концептілер арқылы оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамыту» тақырыптарында шебер сынып көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.

Семинарға қатысушы жас мамандар қызығушылық танытып, ұйымдастырылған топтық жұмыс тапсырмаларын орындап, өздерін қызықтырған тақырыпта сұрақтар қойып, белсене қатысты.
Нәтижесінде қатысушылар қазіргі қоғам сұранысына лайықты кәсіби жаңашылдықпен танысып, семинар-практикум өз мақсатына жетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close