Без рубрики
БЛОГЕР ӘДІЛЕТХАН МОЛДАХАН 2,5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Блогер Әділетхан Молдахан сот үкімімен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар оған 5 жыл бойы әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салынды.
Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігі бойынша «көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы тағылған болатын.
Соттың үкіміне сәйкес, жазасын өтеумен қатар, Әділетхан Молдахан бес жыл бойы әлеуметтік желілерде ақпарат жариялау қызметімен айналыса алмайды.



