Без рубрики

ҚАЗАҚСТАНДА АПТАП ЫСТЫҚ КҮШЕЙЕДІ: АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ +46°С-ҚА ДЕЙІН ЖЕТЕДІ

Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, елдің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

16–17 шілде күндері кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар екпінді жел соғып, қолайсыз ауа райы құбылыстарының күшеюі күтіледі. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Ал еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарында аптап ыстықтың беті қайтпайды. Күндіз ауа температурасы +41…+46°С-қа дейін көтеріліп, аса жоғары көрсеткіштер тіркелмек.

Орталық және шығыс өңірлерде де ыстық күшейіп, сынап бағаны күндіз +41°С-қа дейін жетеді. Мұндай ауа райы өрт қаупінің артуына, сондай-ақ тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты мамандар күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта жүрмеуге, көбірек сұйықтық ішуге, ашық күн астында ауыр дене еңбегінен аулақ болуға және балалар мен қарттардың денсаулығына ерекше назар аударуға кеңес береді. Сонымен қатар табиғат аясында от жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close