Без рубрики

ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткен облыстық семинарда тіл мамандары өзара тәжірибе алмасып, оқытудың тиімді жолдарын талқылады.

Семинар барысында Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ағылшын тілі оқытушылары Бабашова Назгүл Мақсатбайқызы мен Жақсыбекова Құралай Амандыққызы жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында қатысушылар жасанды интеллект платформаларын тіл үйретуде қолданудың тиімді тәсілдерімен танысты. Оқытушылар түрлі тапсырмалар әзірлеу, мәтін құрастыру, сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорды байыту және сабаққа қажетті материалдарды жылдам дайындау жолдарын көрсетті. Сонымен қатар қатысушылар тәжірибе алмасып, өз пікірлерін ортаға салды.

Семинардың басты мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру және цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізу.

Іс-шара соңында қатысушылар бүгінгі білім беру саласында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мол екенін атап өтіп, мұндай тәжірибе алмасу семинарларының ұстаздар үшін маңызды екендігін айтты. Мұндай кездесулер оқытушылардың кәсіби дамуына серпін беріп, тілдерді оқыту сапасын арттыруға өз үлесін қосады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close