Без рубрики

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА БӨЛШЕКТЕЛГЕН ӘЙЕЛДІҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Павлодар облысының Екібастұз қаласында әйел адамның бөлшектелген мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Мұхтар Әуезов көшесіндегі қоқыс алаңынан адамның дене мүшелері салынған бірнеше қоқыс пакеті табылған. Бұл туралы куәгерлер құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша жедел-тергеу шараларын қолға алды. Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Қазіргі уақытта марқұмның жеке басын анықтау, қылмысқа қатысы бар адамдарды іздестіру және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бағытында кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайтынын мәлімдеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close