Без рубрики

ШҚО-ДА ҚОС АЗАМАТТЫҒЫ БАР 6 ШЕТЕЛДІК ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша ондаған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың бірқатарына қатысты сот шешімімен елден шығару шарасы қолданылды.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері 450-ден астам адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны тіркелген. Олардың басым бөлігі көрші мемлекеттің азаматтығын қабылдаған.

Тексеру барысында азаматтық туралы заң талаптарын бұзған 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 24 азамат шетел азаматтығын алғаны жөнінде уәкілетті органдарды заңда белгіленген мерзімде хабардар етпеген. Ал тағы 7 адам Қазақстан азаматтығынан айырылғанына қарамастан, республика азаматтарының құжаттарын заңсыз пайдаланған.

Жүргізілген әкімшілік іс жүргізу қорытындысы бойынша сот 6 шетелдік азаматты Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы шешім қабылдады.

Полиция азаматтарға Қазақстан заңнамасына сәйкес қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады. Шетел азаматтығын алған адамдар бұл туралы белгіленген тәртіппен уәкілетті органға уақытылы хабарлап, Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсыруға міндетті. Заң талаптарын сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, ал жекелеген жағдайларда сот шешімімен ел аумағынан шығару шарасы қолданылуы мүмкін.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close