#Денсаулық

ШЫМКЕНТТЕ КВИ-ДІҢ 41 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Шымкентте 26 қыркүйек күні КВИ-дің 41 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 30, белгілері жоқ – 11). 29 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 12 адам үй бақылауына алынды. 24 тұрғын ауруынан айығып, үйіне шығарылды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 413 орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 760 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 652 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 257 төсек орын бар, 105 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 2322 адам вакцина алды
(I компонент-1601, II компонент-721). Егу науқаны басталғалы барлығы 512 560 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 415 129 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 316 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мамандар вирусты қайта өршітіп алмау үшін сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін, босаңсуға болмайтынын айтуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close