Саясат
«TABA INDUSTRIAL» ЖШС ХАЛЫҚ ТҰТЫНАТЫН ТАУАРЛАР ӨНДІРІСІН ДАМЫТУДА
«Тассай» индустриалды аймағындағы «TABA INDUSTRIAL» ЖШС халық тұтынатын тауарлар өндірісін дамытуда.
2020 жылы іске қосылған өндірістің жоба құны – 510 млн тенге. Бүгінде 65 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 510 мың дана халық тұтынатын бұйым шығарып, өнімділікті арттырып келеді.
Қала әкімі кәсіпкерлерге халық тұтынатын заттарға сұраныс қашанда жоғары екенін, ендігі ретте маркетинг жүйесін түзіп, ірі сауда орталықтарымен келісімшарт жасауды ұсынды.
Делдалсыз қызмет арқылы тауар бағасы тұрғындарға қолжетімді болады. Шаһар басшысы кәсіпорын басшыларына өнімдердің халық арасында танымал болуы үшін көрме-жәрмеңкелер өткізу қажеттігін алға тартты.