Без рубрики

ҚАЗАҚСТАН ҚЫРҒЫЗСТАНҒА ДӘНДІ ДАҚЫЛ ЭКСПОРТЫН ТӨРТ ЕСЕГЕ АРТТЫРДЫ

Қазақстан Қырғызстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін айтарлықтай арттырды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар айналымы 511,3 миллион долларға жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 41,5 пайызға жоғары.

Қазақстаннан Қырғызстанға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 418,9 миллион долларды құраған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда Қырғызстанға дәнді дақылдар жеткізу көлемі төрт еседен астам өскен. Сонымен қатар майлы дақылдар экспорты да 1,5 есеге артқан.

Бұл көрсеткіш Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы агроөнеркәсіптік ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын көрсетеді. Екі ел арасындағы сауда айналымында ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары.

Қазақстан алдағы уақытта да көрші елге сұранысқа ие азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуды көздеп отыр. Атап айтқанда, дәнді және майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдері, күнжара, күнбағыс майы, құс еті және басқа да өнімдерді экспорттау көлемін арттыруға мүмкіндік бар.

Ведомство бұл бағыттағы экспорттық әлеуетті кеңейтуге дайын екенін атап өтті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемінің өсуі Қазақстанның өңірлік нарықтағы орнын нығайтып, көрші мемлекеттерге тұрақты өнім жеткізуге мүмкіндік береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close