Білім

«Авторлық бағдарлама» шығармашылық тобы құрылды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті әдіскері Р.Есимханова «Авторлық бағдарлама» тақырыбында аудандық шығармашылық тобын құрды.

Оның құрамында 18 мұғалім бар. Олар өз кезегінде 5 жұмыс тобына бөлінді. Бұл топтар орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 5-11 сыныптарға арналған элективті курстарының авторлық бағдарламаларын әзірлеуде.

Толықтыра кетсек, жуырда шығармашылық топтың 2-ші отырысы өтіп, жұмыс барысында мұғалімдер әзірлеген оқу-тақырыптық жоспарлар мен элективті курс сабақтарына талдау жасалды. Әдіскер авторлық бағдарламаларды рәсімдеу бойынша ұсыныстар берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close