Саясат

МӘЖІЛІСКЕ ЛАЙЫҚ КАНДИДАТ

Темір Қырықбаевты Түркістан облысында танымайтын адам аз шығар. Ел басына күн туғанда елге жанашыр азамат екенін ісімен айқындап, дәлелдеді.

2019 жыл. Арыстағы апат алыстағы ағайынды әбігерге салғаны есімізде. Қоймадағы жарылғыш зат жан-жағындағы үйлерді, ғимараттарды жарамсыз етті. Абырой болғанда адамдар аман. Бейбіт күнде баспанасынан айрылып, далада қалған жұртқа күллі Қазақстан жәрдем етті. Құрылыс саласында тәжірибесі мол Темір Қырықбаев та қарап қалған жоқ. 60-тан астам үйді салуға септігін тигізді.

Арадан жыл өткенде төрткүл дүниені төрт қабырғаға тыққан індет келді. Ауруханалар науқастарға лық толды. Тыныс алу аппараттары жетпей, ел тағы әбігерге түсті. Темір Қырықбаев бұл жолы да қол қусырып отырмады. Жеке қаржысынан қажетті аппараттарды алып берді. Дәл осы жылы індетпен қатарласып Мақтааралға нәубет келді. Сардобаданың суы Мырзакент маңындағы бірнеше ауылды басып қалды. Бұл жолы да жұрт жапатармағай зардап шеккен халыққа көмектесті.

Темір Қырықбаев басқаратын “Таймас” компаниясы сыртта қалмай, іске кірісті. 30-ға жуық үйдің құрылысын аяқтап, тапсырды.

Елдің қуаныш-қайғысында қасынан табылатын Темір Қырықбаев сол жылы халықтың өтініші, ақсақалдардың батасымен Түркістан облыстық мәслихатына депутат болды. Көптің бірі болып құр отырған жоқ. Елдің жоғын жоқтады.

Арнайы комиссия құрып үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге ықпал етті.
Облыстық мәслихатта ойып орын алған Темір Қырықбаев енді мәжіліске бармақ.
Жаңа Қазақстанның- Жаңа депутатын қолдайық. 

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close