ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕН МИЛЛИАРДТАҒАН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАНДЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстанда жекеменшік білім беру ұйымдарына жүргізілген кешенді тексеріс нәтижесінде мемлекет қаржысын мақсатсыз пайдалану деректері әшкере болды.

Тексеру қорытындысына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс алып отырған 745 мекеменің 155-і нақты табысын жасырған.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, цифрландыру жүйесіне енгізілген 427 мектептің шамамен 30%-ы негізгі қызметінен тыс бағытта тіркеліп тұрған.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы бір мектеп құжат бойынша тойхана ретінде көрсетілген. Ал Шымкент қаласында кейбір мектептер сауда орталығы ретінде рәсімделгені анықталды.
Оқушы саны екі еселеніп жазылған
Тексеру кезінде 64 жекеменшік мектепте оқушылар саны шындыққа сай келмейтіні, яғни екі есе көбейтіліп көрсетілгені белгілі болды. Бұл – мемлекеттік қаржыландыру көлемін заңсыз арттыруға бағытталған схемалардың бірі.
Жалған мұғалімдер мен қосарланған қаржыландыру деректері
Бұған қоса, бірқатар білім беру мекемелерінде, жоқ мұғалімдерді жұмысқа тіркеу, бір шығынды бірнеше рет қаржыландыру
сияқты заңбұзушылықтар анықталған.
Бақылауды күшейту қажеттігі туындады
Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдайлар жекеменшік мектептер саласындағы есеп пен қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін көрсетіп отыр. Қазіргі тексеріс нәтижелері білім саласындағы бақылау механизмдерін қайта қарау қажеттігін айғақтайды.



