Без рубрики

АҚТАУДА СӘЛЕМДЕМЕ ІШІНЕН 33,5 КЕЛІ МАРИХУАНА ТАБЫЛДЫ

Ақтауда есірткі тасымалдауға қатысты ірі дерек әшкереленді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 41 жастағы күдікті Жамбыл облысынан еліміздің батыс өңірлеріне марихуана жеткізуді ұйымдастырған.

Тергеу барысында есірткі жүк тасымалдау қызметі арқылы қарапайым сәлемдеме ретінде жіберілгені анықталған. Күдікті Ақтау қаласында сәлемдемені алып жатқан сәтінде ұсталды.

Тексеру кезінде екі қапқа салынған, жалпы салмағы 33,5 келіден асатын кептірілген марихуана тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктіге қатысты тиісті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close