Без рубрики

«20 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЕКІ ЖАҚҚА КЕТТІК»: ЖАНАР АЙЖАНОВА ЕКІНШІ НЕКЕСІНІҢ НЕ СЕБЕПТІ АЯҚТАЛҒАНЫН АЙТТЫ

Белгілі әнші әрі актриса Жанар Айжанова жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін сырын бөлісті. Өнер иесі жұбайынан айырылғаннан кейін екінші рет тұрмыс құрғанын және бұл некесінің 20 жылдан соң аяқталғанын айтты.

Бұл туралы әнші “Momsкий әңгіме” YouTube арнасына берген сұхбатында баяндады. Айтуынша, екінші некеде тағы бір сәби сүюді армандаған.

«Негізі ізін суытпай тұрмысқа шығып кеткен жақсы. Жас кезде құрған отбасының орны бөлек. Бір-біріңмен үйлесесің бе, үйлеспейсің бе, бәрібір бала үшін көп нәрсеге төзесің. Кейін тұрмысқа шықтым. Бірақ бермейтін Құдай бермейді екен. Айжұлдыздан кейін тағы бір перзент сүйгім келді. Қыз болса да, ұл болса да, жалғыз болмаса екен дедім. Бірақ бұйырмады. Болмайтын нәрсеге аспанға балта шаппаймыз ғой», — деді Жанар Айжанова.

Сондай-ақ әнші екінші некесінің не себепті аяқталғанын да жасырмай айтты. Оның сөзінше, бала мәселесі уақыт өте келе арақатынасқа әсер еткен.

«Мен екінші тұрмыста 20 жыл тұрдым. Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін екі жаққа кеттік. Өзім де соны ойлап жүргенмін. Арамызда бала болмады. Ол біреудің баласы. Бала болса да, болмаса да, көбіне әйелден көреміз ғой. Обалына қалмайын дедім. Сөйтіп бір күнде шешім қабылдап, екі жаққа кеттік», —  деді өнер иесі.

Жанар Айжанова сұхбат барысында өмірдегі кейбір сынақтарды сабырмен қабылдау керектігін айтып, тағдырға реніш артпайтынын жеткізді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close