Без рубрики

EURONEWS ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАҢАЛЫҚ ТАРАТА БАСТАЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады.

Кездесу барысында халықаралық ақпараттық ынтымақтастықты дамыту және қазақ тіліндегі контентті кеңейту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Euronews арнасының қазақ тілінде жаңалық таратуды қолға алғанын құптап, бұл бастаманы Қазақстан мен халықаралық медианың өзара тиімді серіктестігінің маңызды қадамы ретінде бағалады.

Өз кезегінде Педро Варгас Давид Euronews тарихында Орталық Азия халықтарының тілдері арасында алғаш рет қазақ тілі ақпарат тарату тілі ретінде енгізілгенін айтты. Оның сөзінше, бұл қадам қазақтілді аудиторияға әлемдегі маңызды жаңалықтарды халықаралық деңгейде жедел әрі сапалы жеткізуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары қарсаңында Euronews сайтында жарияланған мақаласы Еуропа жұртшылығының ерекше қызығушылығын тудырғанын атап өтті. Онда Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің болашағына қатысты айтылған ойлар еуропалық аудитория тарапынан жоғары бағаланған.

Еуропалық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді және алдағы уақытта да ұзақмерзімді, өзара тиімді серіктестік ретінде нығая түспек.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close