Без рубрики

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУ БЕЛСЕНДІЛІГІ 37,05 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша елімізде 4 670 816 сайлаушы бюллетень алған.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша елімізде 4 670 816 сайлаушы бюллетень алған.

Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 37,05 пайызына тең.

Өңірлер арасында дауыс беруге қатысу белсенділігі бойынша ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді. Мұнда сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 47,59 пайызы дауыс берген.

Екінші орында Жетісу облысы тұр – 47,29 пайыз. Одан кейін Түркістан облысы – 43,14 пайыз, Ақтөбе облысы – 42,53 пайыз, Шығыс Қазақстан облысы – 41,89 пайыз және Шымкент қаласы – 41,60 пайыз көрсеткішке ие.

Қарағанды облысында сайлаушылардың 40,56 пайызы, Ақмола облысында – 39,57 пайыз, Алматы облысында – 39,05 пайыз, Абай облысында – 38,51 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысында – 38,13 пайыз дауыс берді.

Атырау облысында қатысу көрсеткіші 35,84 пайыз, Павлодар облысында – 35,74 пайыз, Жамбыл облысында – 35,54 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 35,49 пайыз, Астана қаласында – 35,28 пайыз болды.

Ұлытау облысында сайлаушылардың 34,93 пайызы, Қостанай облысында – 34,72 пайыз, Маңғыстау облысында – 34,68 пайызы дауыс берді.

Ал Алматы қаласында сайлауға қатысу көрсеткіші әзірге ең төмен деңгейде. Мұнда сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 17,87 пайызы дауыс берген.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі мәліметті сағат 14:00-де жариялайтынын хабарлады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close