Без рубрики
ПӘКІСТАНДА ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІНЕ ШАБУЫЛДАН 9 ҚЫЗМЕТКЕР ҚАЗА ТАПТЫ
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында қарулы шабуыл салдарынан 9 полиция қызметкері қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алды.

Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл Хангу округіндегі полиция бекетіне жасалған. Өңірлік полицияның бас инспекторы Зульфикар Хамидтің айтуынша, шабуылға елде тыйым салынған қарулы топтың мүшелері қатысқан.
Оның сөзінше, полицияның қарымта операциясы барысында шабуыл жасаған 15 қарулы адамның көзі жойылған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, шабуылдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Билік өкілдері өңірдегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.



