Без рубрики

НҰРАЙДЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Нұрайдың өліміне қатысты сотталған Шерхан Аймаханның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Сот бұрын шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Шерхан Аймахан бұған дейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Ол сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Алайда апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертуге негіз жоқ деп танып, үкімді күшінде қалдырды.

Осылайша, Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ең қатаң режимдегі мекемеде өтейді. Сонымен қатар сот шешіміне сәйкес, ол жәбірленуші тарапқа 25 миллион теңге моральдық және 5 миллион теңге материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, 2 миллион теңге мемлекеттік баж өндірілетін болды.

Апелляциялық шағымның қанағаттандырылмауына байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз күшінде қалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close