Без рубрики
КАСПИЙДЕ ҚАЗА ТАПҚАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР САНЫ 12-ГЕ ЖЕТТІ
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары түнде де жалғасады.

Қазір жағалауда қараңғы түскеннен кейін іздеу жұмыстарына қатысатын мамандар үшін шатырлар тігіліп жатыр. Құтқарушылар мен әскери қызметшілердің іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілмек.
Операция барысында Каспий акваториясын тексеруге гидроциклдер де қосылды. Бұған дейін теңіз аумағы катерлердің көмегімен зерттелген. Қазір кезекті сүңгуге дайындалып жатқан сүңгуірлер тобы жұмыс істеп жатыр.
Із-түзсіз жоғалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасуда.



