Білім

«САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ» АТТЫ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлім әдіскері Г.Досқараның ұйымдастыруымен «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» жобасы аясында «Сабақты жоспарлау» атты әдістемелік семинары өтті.

Мектепалды даярлық сыныптың жас мамандарына арналған шарада — педагогтар қысқа мерзімді жоспарға қойылатын талаптармен, әзірлеу жолдарымен, бірнеше үлгілерімен таныстырды. Педагогикалық шеберлік орталығына барып, сабақты жоспарлау бойынша өз білімдерін жетілдіріп келген «Қажымұқан» білім ұясынан Г.Жаппарова, Ө.Тұрманжанов атындағы мектептен Л.Датқабекова, Ғ.Мұратбаев атындағы білім ордасынан З.Сегізбаева, «Бәйтерек» мектебінен Э.Толисбаева, «Сарытоғай» бастауыш мектебінен А.Сұлтанбекова, Қ.Бектаев атындағы мектебінен Б.Қонысбектер өздерінің білік-дағдыларымен бөлісті.

Сонымен қатар,  семинарда тест арқылы өз теориялық білімдерін тексеру мүмкіндігіне ие болды. Бұл тәсілді қолдану жас мұғалімдерді аттестаттауға дайындаудың бір жолы болып табылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close