#Жолдауды қолдау

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЖАСТАРҒА НАСИХАТ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын талқылауға қатысты жиын өтті. Оқу орнының студенттері және оқытушылары Жолдауды насихаттауға байланысты ақпараттық-насихат тобының мүшесі Сәкен Мәжінбеков жүздесті.

Барлық санитарлық талапты сақтай отырып өткен кездесуде Сәкен Аралбайұлы әлем тарихындағы мемлекет басшыларының ел халқына жолдауы игі дәстүр екеніне тоқталып, тарихтағы осындай бірінші құжатты 1822 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Джеймс Монро жариялағанына тоқталды. Ал тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы жолдау 1997 жылы қабылданғанын айтты. Ол – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы».

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы – аса маңызды құжат. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы дүние жүзі пандемияға тап болды. Соның салдарына әлі де кері әсерін тигізуде. Әсіресе, экономикалық дағдарыстың салқыны қатты сезілуде. Мемлекет басшысы, міне, осындай жаппай дағдарыс кезіндегі ел дамуына негіз болатын басты бағыттарды айқындап, нақты тапсырмалар жүктеп отыр. Ал сіздер, өскелең ұрпақ, «Елге мен не бере аламын?» деген принциппен оқып, дамып, тұлға болып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуларыңыз керек. Сіздер де әлемді жақсы жағына өзгертуге ұмтылыңыздар! – деді Сәкен Аралбайұлы.

Жиын соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close