#Жастар

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі басымдықтардың бірі «Жастарды қолдау» бағыты. Қаламызда 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырғаны мәлім. Міне осы бағдарламалардың орындалу желісін бақылау мақсатында, қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссия төрайымы Тореайым Сұлтанованың бастамасымен, комиссия мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Айгерім Жұмағұлова ,Талғат Балтабаев осы бағыттар бойынша тікелей жұмыс атқарып жүрген мекемелердің бірі Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жұмыс барысымен танысты.

Мекеме басшысының орынбасары Жұлдыз Балтабаеваның айтуы бойынша,
«Жастар – Отанға» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.
Осы мақсатта жұмысшы жастарды ынталандыру үшін 1200 пәтер жоспарланған, оның 300 пәтері беріліп, 900 пәтер жыл соңына дейін табысталу жоспарлануда.
Волонтерлік ұйымдарды қолдау бойынша шаралар өтуде.
Сонымен қоса “Жастар лигасы“ жобасы да жастар игілігі үшін жүзеге асып, алдағы жобалар да жоспарланып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close