Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

2006 жылдың қаңтарында — мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне Ж.Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Ш.Қалдаяқовтың 1950 жылдары дүниеге келген «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы Әнұран мәтініне Президент Н. Назарбаевтың енгізген өзгерістерін Парламент қабылдады. Сондықтан да Әнұранның заңды авторларының бірі — Н.Ә.Назарбаев;

2006 жыл 11 қаңтар — Астанадағы «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты ұлықтау рәсімі болып өтті. Қазақстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Астанаға әлемнің 70-тен аса елінен өкілдер келді.

2006 жыл 28 қаңтарда — Елбасы «Самұрық» Ұлттық холдингтік компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент холдинг басшылығы алдына мынадай өзекті стратегиялық міндеттер қойды: корпоративтік басқаруды жақсарту арқылы ұлттық компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру, демек, ұлттық компаниялар қызметінің тиімділігі мен басқару деңгейін арттыру есебінен ел экономикасының өсуі жеделдетіледі;

2006 жыл 19-20 наурыз — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан мемлекетіне ресми сапармен барды. Сапар барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Республи­касының Президенті Ислам Каримов Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Алдымен мемлекет басшылары екеуара кездесіп, екі елге ортақ өзекті мәселелерді талқылады. Оның ішінде өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, халықаралық лаңкестікпен, діни экстремизммен және есірткі трафигімен күрес мәселелері де бар. Бұдан кейін тараптар мемлекет басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөз үстеліне отырды;

2006 жыл 15 маусым — Шанхай қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының мерекелік саммиті өтті. Оған Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қатысты. Кездесу барысында өңірдегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Тараптар сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Мемлекет басшылары ШЫҰ бес жылдық Декларациясы мен халықаралық ақпарат­тық қауіпсіздік туралы Мәлімдемеге қол қойды;

2006 жыл 17 маусым — Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) екінші саммиті өтті. Саммит барысында АӨСШК екінші саммитінің Декларациясы қабылданып, Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелеріне ортақ көзқарас білдірілді;

2006 жыл 30-31 тамыз — ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Түркіменстанға сапары өтті. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Түркіменстан Президенті С.Ниязов пен Сыртқы істер министрі Р.Мередовтың қабылдауында болды. Қазақстан — Түрікмен шекарасын делимитациялау және демаркациялау процесі жөніндегі Шарттың ратификациясы туралы грамоталармен алмасу жөніндегі хаттамаға қол қойылды;

2006 жыл қыркүйек айында — Әлемнің дәстүрлі діндер басшылары Астанада екінші рет бас қосты. Олар жер жүзінің барлық адамдарына бейбітшілік, қайырымдылық және келісім мұраттарын таратушы мемлекеттің астанасы ретінде Қазақстанның жаңа астанасына бата берді;

2006 жыл 26-29 қыркүйек — ҚР Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары өтті. Сапар шеңберінде АҚШ Президенті Дж.Бушпен, АҚШ Конгресі палаталарының өкілдерімен, басты министрліктер мен ведомстволардың, ірі энергетикалық компаниялардың басшыларымен, көрнекті қоғам және діни қайраткерлерімен кездесулер болды;

2006 жыл 29 қыркүйек — АҚШ-тағы Ақ үйде екіжақты қарым-қатынастардың келешегі үшін айрықша маңызға ие болған Қазақстан-Америка жоғары деңгейдегі кездесуі өтті;

2006 жыл 15 қарашада — Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге жаңа басылыммен қайта шықты;

2006 жыл 17 қараша — Президент Н.Назарбаев Анталья қаласында (Түркия) өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының VIII саммитіне қатысты. Саммит барысында «Анталья декларациясына» қол қойылды. Бұл жолғы басқосуға Түркия президентi Ахмет Неджет Сезар, Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиев және Қырғыз елiнiң мемлекет басшысы Құрманбек Бакиевтер қатысты;

2006 жыл 20-22 қараша — ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары болды. Сапар барысында Елизавета II Патшайымы, Премьер-Министр Т.Блэйрмен және Британияның саяси және іскер топтарының танымал өкілдерімен кездесулер өтті. Н.Назарбаев Т.Блэрдің өтініші бойынша Орталық Азиядағы жағдайға сипаттама бере келе, энергетикалық ресурстарды тасымалдау проблемаларын тілге тиек етті.

2006 жыл 19-22 желтоқсан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытайға барды. Қытай басшысы Н.Назарбаевпен келіссөздер мен кездесулерге жоғары мән береді. Қазақстанның ұлттық мүдделері үшін барынша маңызды жаңа уағдаластықтарға қол жеткізілді.

2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ.Жұбанова атындағы филармония алдында А.Жұбановтың ескерткіші қойылды. 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл, Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close