Ел мұраты — Мәңгілік ел!
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Ел мұраты — Мәңгілік ел» атты іс-шарасын өткізді.
Мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қызмет» салалық кәсіподағының құрамына кіреді және кәсіподақ комитетінің төрайымы қоғамдық жұмысын директордың орынбасары Әсел Әсетқызы Әсетова атқаруда. Ұйымдағы кәсіподақ мүшелерінің саны 150 адамға жуық.
«Ел мұраты — Мәңгілік ел» атты іс-шарасын орталық директорының орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрайымы Әсел Әсетқызы Әсетова алғы сөзімен ашып, ұжым мүшелерін құттықтау үшін сөз «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановқа берілді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы филиалының төрағасы С.Әуесханов еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып, өз кезегінде оған өзіндік үлес қосып келе жатқан бірқатар кәсіподақ белсенділеріне филиал наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, орталықтың ваннашы-санитары Умилхайр Назирқызы Абдиева, аға медбикесі Күлзипа Полатқызы Қойбақова, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасары Әсел Әсетқызы Әсетова «Құрмет грамоталарымен» және орталықтың вахтері Сидельникова Наталья Ивановна, киім және іш киім жуатын машинисті Китаева Любовь Юрьевна, әлеуметтік қызметкері Гүлдана Саматқызы Рүстемова Алғыс хаттармен марапатталды.