Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

2010 жылдың қаңтарынан Кеден одағы іске кірісті;

2010 жылы 14 ақпан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен кездесті. Медведев өз кезегінде ЕҚЫҰ саммитін Қазақстанда өткізу туралы бастамаға қолдау білдірді;

2010 жылы 19-17 наурыз — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтың ресми шақыруымен Ташкентке барды;

2010 жылы 7 сәуір — Ақордада Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.

2010 жылы 11 сәуір — «Блэр Хаус» ресми резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесуі болып өтті;

2010 жылы 21 сәуір — Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Мемлекеттік сапар Қазақстанның Корея Республикасындағы жылының салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Шараға Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бак қатысты;

2010 жылы 25 мамыр — Елбасы елімізге ресми сапармен келген Түркия Президенті Абдулла Гүлмен келіссөз жүргізді. Ақордадағы келіссөздер кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркиямен экономикалық ынтымақтастықтың жаңа тұрпатты арнайы бағдарламасын түзуді ұсынды;

2010 жылы 8 маусым — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Іс басындағы төрағасы ретiнде Стамбұлда басталған Азия кеңесінің ІІІ Саммитінде сөз сөйлеп ашты;

2010 жылы 11 маусым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының кезекті саммитіне қатысып, сөз сөйледі;

2010 жылы 29 маусым — Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі конференциясы болып өтті;

2010 жылы 17 шілде — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы бейресми кездесуіне қатысты;

2010 жылы 4 тамыз — Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың құқын қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған жиын өткізді;

2010 жылы 20 тамыз — Президент Нұрсұлтан Назарбаев Армения астанасы — Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше-елдер Мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысты;

2010 жылы 14 қыркүйек — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға ресми сапармен барды;

2010 жылы 25 қазан — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесті;

2010 жылы 12 қараша — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады. Бордюжа Президентке биылғы жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына әзірлік барысы туралы айтты. Кездесу барысында Н.Бордюжа Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары баға берді;

2010 жылы 18 қараша — Президент Нұрсұлтан Назарбаев Каспий маңы елдері мемлекет басшыларының үшінші саммитіне қатысу үшін Бакуге сапармен барды;

2010 жылы 1 желтоқсан — Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің отырысын ашты;

2010 жылы 9-10 желтоқсан — Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ, ТМД және ҰҚШҰ-ның іс-шараларына қатысу мақсатымен Мәскеу шаһарына ресми сапармен барды;

2010 жылы 23 желтоқсан — Өскемен қаласында Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамашы топтың республикалық жиналысы болып өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close