СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — БОЛАШАҒЫҢА БАЛТА ШАБУ
Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және Аутрич, Neet және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен Индустриялды техникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.
Кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Шымкент қаласының Жауынгерлік өнер Ассоциациясының директоры Қуандық Сұлтанғали Нұрлытайұлы, ЖОО «Gramad» сауда маркетінің директоры Наимбекова Айжан Избасхановна, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айнабек Ерболат және Индустриялды техникалық колледжінің жастары қатысты.