Тәуелсіздікке — 30 жыл

ӘРБІР ЖЕТІСТІКТЕ ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЖАТЫР

1991 жыл. 10 жастағы баламын. Ол жаста Тәуелсіздіктің не екенін түсінбейсің. Араға бір жыл салып, яғни 1992 жылы ресми түрде Мемлекеттік ту, Әнұран қабылданғанда ғана «Тәуелсіздік осы екен ғой» дедім. Ұғындым. Бір жылдан соң ұлттық валютамыз теңге қолданысқа енді. Осылайша жылдан-жылға Тәуелсіздігімізді айшықтайтын көптеген дүниелер пайда болды. Жалпы, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары егемдік алған сәттен «ертеңіміз не болады екен?» деп абыржыған елдің еңсесін тіктеуге кетті деп ойлаймын. Ол үшін қыруар жұмыстар атқарылғаны елдің есінде. Ол кезең де еңсерілді. Бірлікте тірлік жасалды. Жетістіктер көп болды. Әрбір сондай жетістіктің артында бірлігі жарасқан халықтың, елі сүйген Елбасының қажырлы еңбегі мен маңдай тері жатқаны жасырын емес.

«Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты қажет болса, Тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет». Бұл Елбасының сөзі.
Жердің астындағы байлық байлық емес. Бірлік байлық. Бірлік ғана Тәуелсіздігімізді баянды ете алады! Бірлігі жарасқан Qazaq елінің аспаны ашық болсын! Алланың назарындағы ел болайық!

Дәурен Болыс.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close