Қоғам

ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Түркістан қалалық Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау кеңсесінде Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Малика Кузиева «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында «Ашық есік» күнін өткізді.

Жиынның мақсаты  — отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беру.

«Ашық есік» күніне 10-ға тарта қыз-келіншек келіп, өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Қажетті құқықтық кеңестер алды. Шараға қатысқан тұрғындар тәртіп сақшыларына өздері білмейтін жаңа ақпаратпен таныстырып,  психологиялық кеңеспен бөліскені үшін ризашылықтарын жеткізді.

Аталған акция облыстың өзге аудандарында жалғасын тапты. Мәселен Түркістан облысы Төлеби ауданы.

Төлеби ауданы аумағында полицейлер «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы барысында түрлі іс-шаралар өткізді. Ондағы негізгі мақсат — көпшілікке әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуды ескерту, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыру, қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.

Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын, әйелдерге түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында, Қасқасу, Қаратөбе, Ханарық және Зертас елді мекендерінің медициналық мекемелерінде мүдделік мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылды.

Жиналғандарға ақпараттық жаднамалар таратылып, жылжымалы топтар жасақталып, дәрістер мен сұқбаттар жүргізілді.

Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша заңға енгізілген өзгерістер бойынша көпшілікке хабардар етілді.

Кентау қаласы да «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясынан тыс қалмады.

Кентау қалалық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен балабақша тәрбиеленушілері асфальтқа сурет салып, спорттық іс-шараға қатысты. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Балаларға бақытты балалық шақ сыйлау» тақырыптарында өткен шараны Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты А.Абдукадыр, психолог Н.Оспанова ұйымдастырды.

Мұндағы негізгі мақсат — жас жеткіншектердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, елінің нағыз патриоты болуға баулу, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу, алдын алу бағытындағы келесі шара Кентау қаласындағы адамдар көп шоғырланатын орындарда жалғасты. Сондай-ақ қыз-келіншекткерге «Әлеуметтік қызмет көрсету» орталығында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сауалнама алынды. Тұрғындарға жаднамалар таратылды.

Полицейлердің айтуынша, бұл шаралар арқылы ана мен баланы қорғау, отбасындағы қарым-қатынасты дұрыс жағынан қалыптастыру сынды жоғары құндылықтарға оң ықпал етуге болады. Бұл бағыттағы шаралар жалғасын таба бермек.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close