Қоғам

ТІЛ МЕН ГЕНДЕР БАЙЛАНЫСЫ: ФИЛИОСОФИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАР

Гендерлік зерттеулер батыстық гуманитарлық ғылымдардан бастау алып, кең тараған. Оның пайда болып, дамуына таным мəселесіне деген жаңа көзқарас, ғылыми философия, əлеуметтік философия, тұлғатану философиясы мен психологиясы, əлеуметтану мен антропологияның қарқынды дамуының сəйкес келуі кездейсоқтық емес.

Ғалымдар (Т. Парсонс, Дж. Мид) гендер мəселесін əлеу- меттануда кең тараған əлеуметтік құрылымдау жəне символдық интеракционизм идеяларымен байланыстыра қарайды. Т. Парсонс ізбасарларының бірі И. Гоффман жыныстың мəдени-əлеуметтік мəнін ашып көрсету мақсатымен гендеризм жəне гендерлік дисплей терминдерін енгізді. Оны жыныстың мəдени құрылымын негіздейтін гендерлік таптаурындар, жыныстық рөлдік нормалар мен жыныстың рөлге сəйкестілігі арқылы түсіндіруді көздеді.

Жыныстық рөлдік нормалар қоғамда қалыптасады. Ол тұлға- ның гендерлік əлеуметтенуі үдерісімен тығыз байланысты. Əлеу- меттендіру, яғни тұлғаның қоғамға бейімделуі отбасы, мектеп, дін, саясат, бұқаралық ақпарат құралдары жəне еңбек нарығы сияқты институттар арқылы жүзеге асады. Олардың əрқайсысы өз кезегінде гендерлік типтенуге, гендерлік таптаурындардың қалыптасуына негіз болады. Əлеуметтену барысында адам (балалық шақтан бастап) қоғамда белгіленген мінез-құлық нормаларын игереді, соған бейімделеді. Сөйтіп, тұлғаның өзінөзі сəйкестендіруі негізінде гендерлік сəйкестілік қалыптасады. Ол адамның мінез-құлқына жас ерекшелігі сəйкестілігінен гөрі едəуір күшті ықпал етеді. Тіпті күнделікті өмір қажеттіліктерінің параллельдігі – еркек жəне əйел киімдерінің бөлімі, еркектерге жəне əйелдерге арналған журналдар, қыздар мен ұлдарға арналған ойыншықтар – барлығы гендерлік ерекшеліктерді құрайды. Ол адам өміріне етене еніп, жыныстың мəнін айқындайтын мұрат (идеал) ретінде сіңісіп кеткен.

Ғалымның тұжырымдауынша, гендеризмнің қозғаушы күші

– жыныстың институттандырылуы мен жоралануы, дəстүрленуі (ритуалдануы). Ал институттандыру мен жоралау гендерлік дисплейдің негізін құрайды. Гендерлік дисплей дегеніміз – əрбір адам өзінің жаратылысына қарай (əйел, еркек) дəстүрлі (əйелдік/ еркектік) мінез-құлық үлгілерін меңгеріп, соған бейімделуі. Кез келген қоғамға белгілі бір гендерлік таңбалар жүйесі (семиотика) тəн, сондықтан гендерлік өлшемдер таңба жүйесін зерттейтін пəндерде, оның ішінде лингвистикада қолданылуы тиіс [Кирилина 1999, 10-14 бб.].

Жыныс мəселесіне қатысты сан алуан ғылыми пікірлер мен көзқарастарды саралай келе, С. Ушакин үш түрлі теорияны бөліп көрсетеді.

1) биологиялық   фундаментализм   теориясы.   З.   Фрейдтің

«Анатомия – бұл тағдыр» деп келетін пікірі ең алдымен жыныстың биологиялық негізіне қатысты айтылған; 2) құрылымдық немесе рөлдік фундаментализм теориясы. Оның негізін қалаған американдық ғалымдар Т. Парсонс пен М. Мид жыныс мəнін əлеуметтік құрылым тұрғысынан қарастырған жөн деп санайды. Əлеуметтік құрылым негізінде жыныстық рөлдер туындайды, ал əлеуметтену сол рөлдерді меңгеру болып табылады. Сөйтіп, жынысқа ие болу дегеніміз – дəстүрлі əйелдік не еркектік мінез- құлық үлгілерін қабылдап, оларды жүзеге асыру; 3) символдық фундаментализм теориясы. Бұл – француз ғалымдары Мишель Фуко, Жак Лакан, Жак Деррида еңбектерінде ұсынылған, постмодернистік философияның бір тармағы.

М. Фуконың пікірінше, барлық ұғымдар, сонымен қоса жыныс ұғымы да, жеке адам алдында табиғи түрінде емес, дискурстың нəтижесі ретінде танылады. Жыныстың жəне оған қатысты əрекеттердің тілдегі көрінісі (вербалдануы) ерте дəуірлерден бастау алады. Жыныстың биологиялық мəні де əлеуметтік сипатқа ие. Ендеше, ол табиғи құбылыс ретінде емес, мəдени құбылыс ретінде қарастырылуы керек дейді (М. Фуко). Бұл келтірілген философиялық ізденістер мен зерттеулер гуманитарлық ғылымдар аясында постмодернистік тұжырымдарға негізделген гендерлік зерттеулердің туындауына себепші болды. Бұл ретте тілдің басымдылығы неде десек, əлемдік лингвистикада қалыптасқан гендерлік бағыт бір жағынан, таптаурын белгілердің (фемининдік, маскулиндік) тілдегі көрінісін, екінші жағынан, еркек пен əйелдің сөйлеу əрекетіндегі гендерлік ерекшеліктерді зерттеуді нысанаға алды. Гендерлік зерттеулердің философиялық тұжырымы мен əдіснамалық негізі лингвистикалық білімдердің дамуындағы тарихи факторларға тікелей қатысты.

Ж. Деррида швейцар ғалымы Фердинанд де Соссюрдің тілдік таңбалардың еркіндігі туралы қағидасына сүйене отырып, «defferance» терминін қолдану арқылы мəтіндегі мағынаның еркіндігін түсіндіреді. Ғалым бейқұрылымдық талдаудың мақсаты– философиялық мəтінді оның формалық құрылымында зерттеу, оның мəтінді типтерінің өзгешелігін жəне көп нұсқалығын көрсету, философиялық мəтіннің сахналық кеңістігін, оның синтаксисін ұғыну деп түсіндіреді. Гендерлік зерттеулердің батыстық дəстүрінде гендердің дерридиандық бейқұрылымдық талдау идеясы – негізгі əдіс [Гриценко 2005, 15 б.].

Бейқұрылымдық талдау – бұл философиялық ілім, ол мағынаның мəтін тілінде қалай құрылатынын анықтайды. Ницше мен Хайдегер идеяларын дамыта отырып, Деррида ақиқатты танудың дəстүрлі философиялық əдістерін сынға алады. Ол ойдың барлық жүйесі бір ғана орталыққа негізделген, қазіргі заман адамын қалыптастыруда еркектік бастаулардың, идеологиялар мен құндылықтардың басымдығы (жынысқа қатыссыз) ықпал етеді. Барлық мəтін иерархиялық дуализм элементтеріне, жұптық қарама-қарсылықтарға негізделген деп, олардың шынайы элемент ретінде қарастырылатынын айтады. Бейқұрылымдық талдауларда нақты мəтіндердің тиянақты зерттелуіне жəне басқа да мəтіндермен сəйкестендірілуіне баса назар аударылады.

Қазіргі психоаналитикалық талдауларда да (Поллак) бейқұрылымдау əдісі қолданылады. Психоаналитикалық тəсілдің мақсаты баланың бастапқы дамуындағы дəстүрлі тұжырымданудың бейқұрылымдануын анықтаудан тұрады. Бұл жерде сынға ұшырайтын мəселе – жеке адамның гендерлік сəйкестілікке ие болу əрекетіндегі əлеуметтік жағдайлардың абсолюттенуі. Сондықтан гендер психологиясын зерттеудің жаңа тəсілдері бір жағынан, психологиялық субстратты айқындаушы гендерлік сəйкестілікті, екінші жағынан, белгілі бір гендерлік рөлге жеке адамның парапар болуын қарастырады [Клецина 2004]. Бұл теория философия, тіл білімі, тарих, əлеуметтану, өнертану, т.б. ғылым салаларында қолданылатын жаңа əдістерді қалыптастыруға септігін тигізді.

М. Фуконың билік қатынасын қолдау, қалыптастыру, өзгертудегі тілдің қызметі   туралы   философиялық   идеялары тіл білімінің жаңа бағыттарының, яғни тілді сыни тұрғыдан зерттеудің (ал оның бір бөлігі – тілді феминистік сын немесе сыни дискурстық талдау тұрғысынан зерттеу) негізіне айналды. Бұл бағыттың мақсаты – əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі жасырын ниеттер мен мүдделерді айқындау үшін əлеуметтік тілдесімдерден құралған лингвистикалық талдау жүргізу жəне олардың бұл жүйеге тигізген ықпалының нəтижесін анықтау. Бұл бағыттың өкілдері Н. Ферклоу, Т. ван Дейк, Р. Водак, т.б. тілді түрлі əлеуметтік мүдделерді (таптық, нəсілдік, этникалық, гендерлік, т.б.) үнемі қарама-қарсы тұратын экспликациялар ортасы ретінде қарастырады. Олар тілдің құрылымдық тұжырымдамасын қайта қарастырудан жəне əлеуметтік, мəдени мəн-мəтіндерден тыс жүйені зерттеуден бас тартты. Осылайша тілді дискурс, əлеуметтік тəжірибе ретінде ұғыну тұжырымы келді. Бұл тұжырым əлеуметтік құрылымдармен негізделген (детерминденген) жəне оларды бір уақытта қалыптастырып, жүзеге асырады.

Тілді сыни тұрғыдан зерттеудің негізгі мақсаты – тілде көрініс тапқан билік пен бақылаудың, үстемдік ету мен кемсітудің айқын, жасырын құрылымдық қатынастарын талдау. Бұл талдау əйел мен еркектің тілдік теңсіздігі көрінісін қарастыратын тілдік зерттеулерге сəйкес келеді. Бұл гендерлік зерттеулер тарихи кезеңдестіру барысындағы алғашқы екі кезеңге тəн: «дүрліктіру» (алармистік) кезеңі (дəстүрлі патриархат идеологиясын əшкерелеу кезеңі) мен «феминистік пайымдау» кезеңі (постмодернистік теория шеңберінде феминистік бағыттың қалыптасуы) [СМИТ 1997; Кирилина 1999, 27-28 бб.].

Сонымен, постмодернизм идеологиясының ықпалымен батыста гендерлік зерттеулердің қарқынды дамып, лингвистикада жаңа білімге жол ашу мүмкіндігі пайда болды. Постмодернизм идеологиясында жыныс мəселесі маңызды орын алды. Мұнда тұлғаның экзистенционалды мəртебесі ең алдымен жас пен жыныс категорияларына байланысты қарастырылды.

Ж. Дерриданың идеясына сəйкес, болмысты тану, құндылықтар жүйесін игеру адам санасына əбден сіңісті болған сыңаржақты (жынысқа қатыссыз) яғни ер адамдық көзқарас тұрғысынан қабылданып, бағаланады. Бұл идеяның кең таралуына Симона де Бовуардың «Второй пол» («Екінші жыныс»), М. Фуконың

«Воля к знанию» («Білімге талпыныс») еңбектері себепші болды. Олар əлеуметтіктің биологиялық жынысқа үстемдік етуі ежелден сақталып келе жатқан ер адамдық дəстүр деп көрсетеді. Феминистер қоғамда орын алған патриархаттыққа, яғни ер адамдық құндылықтардың мəтіндер мен дискурсивтік тəжірибеде жеке адам санасына күштеп енгізілуіне наразылық білдірді (Борнеман) [Кирилина 2004].

Сонымен, ілгеріде келтірілген философиялық ізденістер мен зерттеулер гуманитарлық ғылымдар аясында постмодернистік тұжырымдарға негізделген гендерлік зерттеулердің туындауына себепші болды. Бұл ретте тілдің басымдылығы неде десек, əлемдік лингвистикада қалыптасқан гендерлік бағыт бір жағынан, таптаурын белгілердің (фемининдік, маскулиндік) тілдегі көрінісін, екінші жағынан, еркек пен əйелдің сөйлеу əрекетіндегі ерекшеліктерді зерттеуді нысанаға алды.

Қазіргі кезеңде гендерлік зерттеулердің өз ішінде бірқатар тұжырымды бағыттар орнықты. Олар авторлардың идеологиялық мақсаттары мен гендерлік зерттеулердің тарихи дамуына қатысты. Тарихи тұрғыдан келгенде, гендерлік зерттеулердің қалып- тасуының үш кезеңі ажыратылып көрсетіледі:

  1. «Дүрліктіру» кезеңі. Қоғамдық ғылымдарда орын алған андроортақтық ауытқуларға назар аударылды; ер адамдық көз- қарас тұрғысынан мазмұндалған əлеуметтік теорияларды сынға алды; дəстүрлі патриархаттық эпистемологияның (ғылыми таным теориясы) кемшіліктері айқындалды.
  2. «Феминистік тұжырымдану» кезеңі. Феминистік теория мен практиканың бағыт-бағдары анықталды. Феминистік психология, феминистік лингвистика ғылыми бағыттары қалыптасты.
  3. «Постфеминистік» кезең. Ерлерге қатысты зерттеулер жүргізіле бастады, əлеуметтік қатынастардағы гендер мəселесін зерттеу екі жыныс өкілін де қатар қамтып, олардың түрлі деңгейдегі қарым-қатынасын талдауға көшті [Кандиоти 1992, 160-163 бб.].

Ілгеріде келтірілген пайымдаулар мен жинақталған деректер негізінде гендерлік тұжырымдар жасалса да, оның ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы постмодернизм тұсында ғана жүзеге асты.

Тілдің гендерлік жіктелімі

Жыныстың мəдени-əлеуметтік мəнін тұжырымдау үшін алды- мен қоғамның қатынастық құрылымын түзуші рөлдік қатынастар жүйесін интегралдық сипатта қарастырып, сол арқылы гендердің пəнаралық парадигмасын қалыптастырудың біртұтас үлгісін жасау қажет. Гендердің əлеуметтік құрылымы – ерлер мен əйелдер арасындағы əлеуметтік қатынастардың ұйымдасқан үлгісі. Оның даму негізіне: 1) гендерлік əлеуметтендіру, еңбек бөлінісі, қоғамда белгіленген гендерлік рөлдер жүйесі, т.б., 2) гендерлік сəйкестендіру жатады.

Гендерлік стратификация əлеуметтік стратификациядағы не- гізгі категория болып саналады жəне тап, нəсіл, жас тəрізді өзгер- мелі стратификациялық категориялар қатарында қарастырылады. Сонымен бірге гендер еркек пен əйелге тəн белгілердің (мінез- құлықтық, ментальдік, эмоционалдық, мəдени, т.б.) қоғамдық құрылымдануын білдіретін күрделі мəдени əлеуметтік үдеріс ретінде ұғынылады.

Д. А. Нечаевский жыныстың мəдени-əлеуметтік мəні белгілі бір қоғамда еркек пен əйелге тəн деп танылған, əлеуметтік (типтік рөлдер мен мəртебелер), табиғи, психикалық жəне мінез ерекшеліктерін қамтитын маскулиндік пен фемининдік дихотомия аясында тұжырымдалады дейді. Ол маскулиндік пен фемининдікті жұптық категорияларды құрайтын белгілеріне қарай екі деңгейде қарастырады. Бірінші деңгей екі факторды қамтиды:

Табиғи факторлар

  • Биологиялық жыныс (морфофизиологиялық айырма- шылықтар, бейімделу деңгейі, иммунитет);
  • Онтогенетикалық психикалық белгілер (ашуыза мен эмоцияға берілгіштік деңгейі, психомоторлы (қозғалысты) реак- циялар, ойлау əрекетінің ерекшеліктері, өсіп-жетілу кезеңіндегі айырмашылықтар, танылмаған, белгісіз айырым белгілер.

Мəдениəлеуметтік факторлар

  • Гендерлік мұраттар (мұраттар мен антиидеалдар, əлеу- меттендіру үдерісіндегі белгіленген сапалар, əлеуметтік бағалау өлшеуіштері;
  • Жыныстық рөл (əлеуметтік мəртебелер жүйесі, əлеуметтік рөлдер жүйесі).

Екінші деңгей: мінез-құлық – интегралдық сипат, қарым- қатынас стилі, мінез-құлық (іс-əрекет, жүріс-тұрыс), өмір сүру стилін қамтиды [Нечаевский 2001, 71 б.].

Гендердің мəртебелік рөлдік құрамын талдау үшін, алдымен əлеуметтану мен əлеуметтік лингвистиканың тірек категориялары болып саналатын тұлға, тұлғаның əлеуметтік мəртебесі мен рөлі туралы негізгі тұжырымдарға тоқталған жөн.

Тұлға – əлеуметтік өзара қимыл-əрекеттер мен қатынастардың бірінші өкілі. Ал тұлға дегеннің кім екенін анықтау үшін, əуелі «адам», «жеке адам», «даралық» («индивидуалдық») деген ұғымдарды түсініп алу керек. Күнделікті өмірде жəне ғылыми тілде бұл терминдер өте жиі кездеседі.

Адам – жалпының, ерекшеліктің жəне жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз – адамзаттық, «ерекшелік» дегеніміз – қоғам құрылыстық, таптық, ал «даралық» дегеніміз – өмір сүрудің жеке түрдегі тəсіл-белгілері.

Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі «жеке адам» деген ұғыммен байланысты. «Жеке адам» дегеніміз – халық, тап, əлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіріледі. Əлеуметтануда «жеке адам» ұғымы əлеуметтік қатынастардың жеке-дара алғандағы өкілі қарастырылған жағдайда қолданылады.

Жеке адамдар қызметінің бірігуі нəтижесінде əлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде «жеке адам» ұғымы «нақтылы адам» мағынасында қолданылады. Ал енді «даралық» түсінігін (жеке адамның өзіне тəн) – жеке адамның басқаларда қайталанбайтын бірден-бір өзіндік ерекше қасиет сипаты, бір жеке адамды екіншісінен ерекшелейтін белгілердің жиынтығын қарастыру арқылы анықтауға болады. Бұл ерекшеліктер биохимиялық, нейрофизиологиялық, психологиялық, əлеуметтік жəне, т.б. деңгейлерде байқалады. Тұлға ұғымы адамның жəне жеке адамның табиғи емес мəн-мағынасын айқын   көрсету үшін енгізілген, яғни бұл ұғым оның əлеуметтік бастауларын айқындайды.

Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының əр түрлі деңгейлеріндегі жеке алғандағы жəне нақтылытарихи өзге- шеліктерін көрсету үшін «жеке адам» деген ұғыммен қатар, «тұлға» деген ұғымды қолданады. Тұлға дегеніміз – жеке адам дамуының қорытындысы жəне мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады [16, 242-243 бб.].

Тұлғаның өзіндік өзгешеліктері, саналылығы, бағалы бағдарлары мен əлеуметтік қатынастары, қоғамға қатысты бірқатар дербестіктері жəне өз іс-əрекеттері үшін өзінің жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның бойынан табылуға тиісті міндетті сипаттамалары болып саналады. Тұлға өзі өмір сүріп отырған əлеуметтік ортада болып жататын əлеуметтік елеулі іс- əрекеттердің нəтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де болып табылады.

Тұлғаның əлеуметтік мəнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. Ал əлеуметтануда тұлға көбіне көп қоғамдық, əлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қаралады. Əлеуметтік қатынастар адамның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады.

Əрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді жəне нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сəйкес, оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір əлеуметтік мəртебесі болады. Əлеумет- тік мəртебе – адамның үлкен əлеуметтік топтың өкілі ретіндегі (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері) қоғамдағы орны. Əлеуметтік мəртебе ұғымы əлеуметтану шеңберінен шығып, қазіргі гуманитарлық ғылымдар арасында кеңінен қолданылып келеді.

А. Д. Швейцер «мəртебе» мен «рөл» терминдерін əлеуметтік жарыспалылықпен байланыстыра келіп, оның ішінде тілдің əлеумет- тік жарыспалылығы жəне сөйлеудің əлеуметтік жарыспалылығы деп бөліп көрсетеді [32, 31 б.]. Тіл мен сөйлеудің əлеуметтік жарыспалылығы стратификациялық жəне жағдайлық (ситуативтік) өлшемде анықталады. Стратификациялық жарыспалылық қоғамның əлеуметтік құрылымымен тікелей байланысты, бұл тілдің əлеуметтік жіктелімі мəселесіне келіп тіреледі.

Стратификациялық жарыспалылық əлеуметтік топтар мен жіктер арасындағы тілдік ерекшеліктерден көрінсе, жағдайлық жарыспалылық əлеуметтік жағдайға сəйкес қолданылатын функционалды стилистикалық, диалектілік, т.б. тілдік бірліктерді қамтиды. Ғалымның пайымдауынша, стратификациялық пен жағдайлық жарыспалылықтар өзара тығыз байланысты, өйткені қоғамның əлеуметтік құрылымына қатысты айырмашылықтар əлеуметтік жағдаймен де сабақтасып жатады.

А. Д. Швейцер мəртебе мен рөл ұғымдарының арақатынасын анықтай отырып, мəртебе – əлеуметтік жарыспалылықты, рөл – жағдайлық жарыспалылықты сипаттайды. Мəртебе – адамның жас мөлшерін, жынысын, белгілі бір əлеуметтік топқа қатысын білдірсе, рөл – əлеуметтік жағдайға (оның жарыспалылығына) сəйкес адамдардың өзара қарым-қатынасы дейді [32, 33, 35 бб.].

В. И. Карасик əлеуметтік мəртебені зерттеудің бірнеше қырларын атап көрсетті [33, 8-22 бб.]:

  • Əлеуметтік-экономикалық қыры адамдардың өмір сүру стилінде көрініс беретін əлеуметтік-экономикалық стратифика- цияны зерттейді;
  • Əлеуметтік−өлшемдік қыры əлеуметтік топтар мен халықтарды кəсіп түрі, табыс көлемі, білімі, тұрғын үй типі, т.б. көрсеткіштер шкаласы бойынша бөліп көрсетеді;
  • Рөлдік қыры түрлі əлеуметтік рөлдердің жиынтығын сипаттайды. Əлеуметтік рөлдер адамға заң немесе басқа құқықтық актілер арқылы формалды бекітілуі мүмкін жəне ол көптеген моралдық тəртіп нормалары арқылы формалды емес болуы да мүмкін;
  • Алшақтық (дистанционный) қыры мəртебелердің сəй- кессіздігі, əлеуметтік дəрежесі əр түрлі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы сəйкессіздікті объективті жəне субъективті мəртебелік бағалау (жəне өзін-өзі бағалау) болып табылады. Бұл ретте адамның мінез-құлқы əлеуметтік деңгейімен сəйкес келуі ескеріледі;
  • Нормативтік (бағалауыштық) қыры қоғамда беделі жоғары адамды құрметтеу мен бағалауды көрсетеді (мұны əлеуметтік иерархияға қатысты мəртебеден ажырата білу керек);
  • Этномəдени қыры түрлі мəдениеттер мен тілдерге тəн мəртебелік қарым-қатынастар, дəлірек айтқанда, мəртебелік теңсіздіктің ашық (эксплициттік) немесе жасырын (имплициттік) белгілерін (қарым-қатынастық (коммуникациялық) ерекше жағдайлар, əдеп ережелері, қаратпалар, т.б.)) анықтайды.
  • Динамикалық қыры мəртебенің ауысып, өзгеріп отыруы жəне ол филогенетикалық жəне онтогенетикалық тұрғыдан қарастырылады. Филогенетикалық (немесе диахрониялық) мəрте- белік қарым-қатынастарды талдау əлеуметтік иерархиямен бай- ланысты қоғамдық нормалар мен мінез-құлық ережелерінің тарихи өзгерісін бақылауға мүмкіндік береді. Онтогенетикалық мəртебе- лік қарым-қатынастарды талдау тұлғаның əлеуметтенуіне қатысты жəне билингвизм, социолектілер (маңызды, маңызсыз), тілдік жетіспеушілік (дефицит) феномені, т.б. мəселелерді қамтиды;
  • Типологиялық қыры əрбір адамдық қауымдастықтың даму деңгейінде байқалатын қажетті жəне кездейсоқ, алғашқы жəне қосымша, негізгі жəне жанама түрдегі мəртебелер, олардың өзгермелілігі, бейтараптануы мен күшейтілуін сипаттайды.

Тұлғаның мінез-құлқынан, əсіресе сөйлеу əрекетінен аталған мəртебелік белгілердің барлығын да кездестіруге болады. Соның ішінде рөлдік белгілер гендердің мəдени концепт ретінде қалыптасуының əлеуметтік тетігі болып табылады.

Сонымен рөл ұғымын қалай түсінуге болады? «Əлеуметтік рөл – бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі жəне тұлғааралық қатынастағы тұлғаның объективті берілген əлеуметтік ұстанымы».

А. А. Леонтьев пікіріне сүйенсек, рөл ұғымының астарында бір-бірімен өзара байланысты, бірақ гетереогендік (əр текті) үш түрлі түсінікті аңғарамыз: 1) рөлдік күтіліс (ролевые ожиданий); 2) бейтарап рөл; 3) рөлдік мінез-құлық (ролевые поведение). Рөлдік күтіліс «ойын ережесіне» сəйкес рөлді күтеді, ал рөлдік мінез- құлықты адам өз рөлінің шеңберінде нақты орындайды.

Əлеуметік өзара əрекет барысында адамдар əр түрлі рөлдерді орындайды («ойнайды»), рөлдік қатынастарға түседі. Мысалы, «басшысы-қызметкері», «мұғалім – оқушы», «əке – ұл», «ері – əйелі», т.б. Сол сияқты тұлға екі немесе одан да көп əлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, əке, күйеу, бала, оқытушы, ғылым докторы, профессор, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам əр түрлі адамдарға қатынасына сəйкес қарама-қарсы мəртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін əке, ал өзінің анасы үшін ол ұлы болады. Бірақ сол мəртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мəртебе болып саналады. Мұндай мəртебе көбіне көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады.

Сонымен, қайсыбір мəртебелік рөлді алсақ та (əке, əйел, көрші, мұғалім, жолаушы, көрермен, т.б.), олардың əрқайсысының тілдік сипаттамасы бар. Тіпті қарапайым «атауының» өзінен-ақ адам санасында белгілі бір рөлге қатысты ұғым, түсінік туындайды, сөйтіп бірте-бірте рөлдік мінез-құлық таптаурыны қалыптасады. Сондықтан адамның түрлі рөлдерді орындауы барысында немесе бір рөлден екіншісіне ауысуы кезінде байқалатын тілдік ауытқулар (стильдік, лексикалық, интонациялық, т.б.) рөлдік қарама- қайшылықтар (эмоциялық) тудырады. Мұны көбінесе кəсіби ортада, кəсіби-рөлдік сөйлеу үлгісінен аңғаруға болады, мысалы, сіз сен немесе сен сіз тəрізді тілдік ауыстырулар, т.б. Л. П. Крысиннің пікірі бойынша, рөлдер тұлғаның əлеуметтік жағдайына, кəсібіне, жас ерекшелігіне, жынысына, отбасындағы орнына сəйкес, тұрақты жəне уақытша (мысалы, жүргінші, сатып алушы, т.б.) болуы мүмкін. Адамдар рөлдерді иемденуіне (кəсіби, отбасылық, т.с.с.) əрі оларды орындау сапасына қарай ерекшеленеді.

Қоғам жеке адамнан белгіленген əлеуметтік рөлдердің дұрыс орындалуын, əлбетте, соған сəйкес сөйлеу үлгісінің болуын талап етеді. Көбіне көп адам өз мінез-құлқында əр түрлі жағдайларды еріксіз ескеруіне тура келеді, мұндайда адам бір емес, бірнеше топқа бағыт-бағдар ұстайды. Рөлдік ережеден ауытқу қоғамдық пікір туғызудан бастап заң қорғау органдарына дейінгі арада əлеуметтік тыйым жүйесі қалыптасқан. Ол айыптаушылықтан бастап күштеп тоқтатуға дейін əкеп соқтыруы мүмкін.

Алайда рөлдердің əртүрлілігіне қарамастан стильдің бір ғана түрі қолданылады. Мəселен, ресми іскер стиль басшыға да, оның қарамағындағы қызметкерлерге де тəн. Демек, бұл жерде рөл – екеу, субкод – біреу. Л. П. Крысин мұндай рөлдік қарым- қатынастардың ресми – бейтарап – достық – сырластық тəрізді қатысушыларға ортақ стильдік түрлерін ажыратады. Əрине, өзара қатынаста тұлғаның əлеуметтік мəртебесі (əлеуметтік жағдайы, жасы, жынысы, кəсібі) де ескеріліп отыратыны белгілі. Кейбір жағдайларда əлеуметтік мəртебе үстеме стиль (доминант) қалыптасуына себепші болады.

Рөлдік күтілген жіктелім өте қатаң сақталған деуге келмейді. Рас, рөл іс-əрекетке жалпы бағыт береді, оның мақсатын айқындайды, ал оларды орындау стилі əр түрлі нұсқада көрініс беруі мүмкін. Мысалы, қазіргі əйелдердің жеке ұстанымдарында əйел рөлі аса елеулі маңызға жəне құндылықтарға ие бола бермейді, бірақ қоғам алдында əйелдің атқарар өз қызметі бар. Əлеумет тұрғысынан алғанда, атқаратын қызметтен ауытқу, оларды мойындамау жөнсіздікке əкеледі. Сондықтан атқаратын қызметке қатысты мінез-құлық ережелерін мейлінше ұстану тұлғаның қоғамда өмір сүруін жеңілдетеді, оның баянды болуына негіз қалайды.

У. Герхардт болса, рөлдерді мəртебелік, қалыптық (пози- циялық), жағдайлық деп ажыратады. Мұндай жіктелім əсіресе ұлттық-мəдени салыстыруларда тілдік əлеуметтену жайын (білімі мен соған сəйкес біліктілігін) зерттеу үшін тиімді. Мəртебелік рөлдер рөлдік теорияда көрсетілген «мұра болған рөлдерге» сəйкес келеді. Олар – адамның дүниеге келген сəтінен белгіленген, яғни субъектіге тəуелсіз, туғаннан сақталатын жыныстық рөлі, нəсілдік, этникалық, ұлттық, белгілі бір мемлекеттің азаматы ретіндегі рөлі немесе адамның өмірлік кезеңдерімен қатар жүретін жас ерекшелігіне қарай иемденген рөлдері, сонымен бірге көп өзгермейтін, дінге, əлеуметтік топқа, тапқа қатысын білдіретін рөлдер.

Бір ерекшелігі, мəртебелік рөлдер ретінде ассоциацияланатын рөлдік жіктелім бірқатар этностарда айтарлықтай айырмашылыққа ие. Мысалы, жыныс пен жас мөлшеріне қатысты рөлдер. Жыныстық рөлдер тұлғаның əлеуметтенуі (қай қоғамда болса да жыныстық рөлдер еңбек бөлінісімен байланысты), жас ерекшелігімен қатысты рөлдер (бала – жасөспірім – ересек – қарт) қалыптық рөлдердің орындалуымен сабақтасып жатыр.

Қалыптық рөлдер – адамның иемденген орнына сəйкес атқаратын қызметі (рөлі). Мəртебелік рөлдер қалыптық рөлдердің орындалу түрін (модусын) анықтайды. Айталық, мұғалімнің қалыптық рөлін кім орындайтынын (еркек/əйел, жас педагог/ тəжірибелі педагог) салыстырудың өзі жеткілікті. Жағдайлық рөлдер басқаларымен (мəртебелік, қалыптық) салыстырғанда еркін орындалады, тұлғаның белгілі бір сəттегі мінез-құлқы мен іс-əрекетін көрсетеді (мысалы, сатып алушы, жүргінші рөлі, т.б.). Сөйлеушінің мəртебесі мен рөліне қатысты жан-жақты талдау əлеуметтік лингвистиканың категориялар жүйесінде басты орын алады. Адам кез-келген уақытта өзіне тəн құқықтар мен міндет- терді нақты түсінеді, тиісті əрекеттерді біледі, сөйтіп, төңірегіндегі адамдар күткеніндей, өз рөлін атқарады.

Əйел мен ер жынысын даралайтын психологиялық белгілер, мінез ерекшеліктері, мамандық, кəсіп түрлері əлеуметтік-мəдени нормалармен реттеліп отырады. Демек, қоғамда əйел немесе ер болып өмір сүру – тек анатомиялық қабілетті болу ғана емес, белгіленген талаптарға сай, гендерлік рөл атқару деген сөз. Гендерлік рөлдер – белгілі бір қоғамда, тарихи жағдайда қолданылатын əлеуметтік-мəдени нормаларға сəйкес ерлер мен əйелдерге берілетін əлеуметтік рөлдер, соған сай, əрбір жыныс өкілінің қоғамда міндетті деп танылған сөйлеу əдебі, мінез-құлық, дене қимылы, т.б. талаптардың орындалуы.

Гендерлік рөлдер əр қоғамда, əр түрлі этномəдени, діни, əлеуметтік топтар мен жіктер арасында бірдей емес. «Алғашқы қауымда əйел мен еркектің, қыздар мен жігіттердің топтық өзіндік тілі болған. Еңбек бөлінісі биологиялық айырмашылыққа құрылған. Қазақтың «ер адам – түздікі, əйел – үйдікі» деген сөзі ертеде айтылған болса керек. Осыдан келіп, əр жыныс өкілінің айырма сөздігі пайда болған. Аңшылық пен құрылыс лексикасын еркектер қалыптастырған, ал үй шаруашылығы лексикасын тек əйелдер түзген. Соның бір белгісі – көне əйелдер күнтізбесі (IV ғасыр күнтізбесі) болған» [Хасанұлы 2003, 284 б.].

Бір тіл аумағында əлеуметтік жынысқа – əйелдер мен ерлерге байланысты, олардың əрқайсысының сөз саптауында кездесетін тілдік бірліктер (сөз, сөйлем, сөйлемдер мен сөз тіркесі, фразеологизм, мақал-мəтелдер) гендерлект болып аталады. Гендерлект терминін ғылыми қолданысқа алғаш енгізген – лингвист Дебора Таннен. Бұл термин алғашқыда еркектер мен əйелдердің сөйлеу іс-əрекетіне тəн үнемі болып тұратын, үздіксіз белгілердің жиынтығы ретінде түсіндірілді. Сонымен байланысты

«жыныс – қарым-қатынасты (коммуникацияны) айқындаушы фактор» деген феминистік көзқарастар қалыптаса бастады. Кейінгі жылдардағы бірқатар еңбектерде еркектер мен əйелдердің кез келген сөйлеу іс-əрекетінде айырым белгі бола бермейтіндігі айтылады, сондықтан «гендерлект» жөнінде түрлі пікірлер орын алып келеді. Əлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігінде: «гендерлект (ағыл. gender жыныс (dia) lektos диалект) ағыл. genderlect – бір этникалық тіл, ұлттық тіл, социолект көлемінде ер адамдар тілдерімен салыстырғанда əйелдер тілінің лексикалық, эмоциялы-экспрессиялы, грамматикалық, стильдік жəне басқа да ерекшеліктері» [Əлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі 2008, 74 б.].

Əйелдер мен ерлер əр заманда əр түрлі мəденитілдік кеңістікте өмір сүре отырып, қоғамдағы əлеуметтік, экономикалық, т.с.с. өзгерістерді өздерінше қабылдап, сол қабылдағанын тіл арқылы əр түрлі белгілеген реттері анық байқалады. Бұған себепші жағдайлар жетіп артылады. Тілде көрініс беретін гендерлік ерекшеліктер еркек пен əйел атқаратын қызмет (кəсіп) түрлеріне қатысты қазақ санасында қалыптасқан. Халқымыздың тұрмыс тіршілігінде өзін- дік орны бар аңшылық, саятшылық, өрімшілік сондай-ақ тұрманшы, зергер тəрізді кəсіп түрлері ерлер арасында кең тарағаны аян. Əйелдер көбінесе үй ішін жасақтау, киім тігумен шұғылданған. Атадан мұра болып қалған кəсіп түрлерін сипаттау арқылы біріншіден, қазақ қоғамындағы еңбек бөлінісінің, яғни еркек пен əйелге бөлінген гендерлік рөлдердің ара салмағын анықтаудың, екіншіден, сол арқылы тіліміздегі гендерлік лексиканың (кəсіби, тұрмыстық) қалыптасуы мен гендерлектілердің қолданылу деңгейін бағамдаудың гендерлік лингвистикалық зерттеулер үшін маңызы зор.

Гендерлік қатынастарды мəдени əлеуметтік реттеудің маңызды тетігі болып табылатын дін өз қызметінде əйел мен еркектің əлеуметтік ортадағы орны мен рөлін белгілейді. Бұл сипатта діннің салт жоралық қызметінің маңызы зор. Гендерлік тұрғыдан келгенде, ислам дінінің əйел мен ер мəселесіне деген ұстанымы анық əрі берік тұжырымдалған. Ерлердің сөйлеу тіліне тəн мұсылманша сəлемдесу түрі – гендерлік ерекшелік. Гендерлік діндік белгілер əйелдердің сөйлеу тілінен де байқалады. Əйелдер тілінде жиі қолданылатын «алла», «жаратқан ием», «құдайау», «құдай үшін», т.б. діни сенімнен туындаған сөздер тек жалбарыну, сиыну мəнінде ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста түрлі сезім-күй, эмоцияны білдіріп, əйелдердің гендерлік сөйлеу стилін қалыптастырған.

Гендерлік стратификация əлеуметтік стратификациядағы не- гізгі категория болып саналады жəне тап, нəсіл, жас тəрізді өзгер- мелі стратификациялық категориялар қатарында қарастырылады. Əлеуметтік лингвистикада сəйкестендіру – жеке адамның нақты бір этноспен, тілмен, мəдениетпен, дінмен, жас мөлшерімен, мемлекетпен, кəсіппен жəне т.б. өзін теңдестіруі деген мағынада жұмсалады [Əлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі 2008, 203-204 бб.]. Дəстүрлі қоғамда адамның гендерлік сəйкестілігі оның өмірінің кезеңдерімен байланысты. Адамның табиғи негізін оның биологиялық ерекшеліктері құрағанымен, əлеуметтік жас (социальная возраст) адам дамуының əлеуметтік сапаларын анықтауда маңызды болып табылады. Ол бірнеше сатыдан балалық, жасөспірім, жастық, есейген, қартайған шақтан тұрады жəне өзара байланысты екі үрдістің бірлігінде қаралады: гендер- лік əлеуметтендіру (социализация), гендерлік сəйкестендіру (идентификация). Адам өмірінің əр түрлі кезеңдерінде бұлардың əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Жыныстар арасындағы гендерлік айырмашылықтың алғашқы белгілері бала жастан байқала бастайды. Психолог ғалымдардың пікіріне сүйенсек, балалар өздерінің ұл не қыз екенін екі жастан бастап сезінеді. Үш жаста олардың 75%-ы қай жынысқа жататынын ажырата алады. Сонымен бірге айналасындағыларды ұл не қыз, əйел немесе еркек деп айырып қарауға бейімделеді, бірақ жыныстың өзге айырмасын біле бермейді. 34 жаста балалар «əке» мен «шеше», «əйелі» мен «күйеуі» ұғымдарынан гөрі «апа», «аға» ұғымдарын тез меңгереді. Ойын кезінде қыз əйел рөлін, бала еркек рөлін таңдайды (Е. П. Ильин). Ата-ана мен ересек жанұя мүшелерінің балаларға түсінікті бола бермейтін «құпия» тілі деген болады, ұл мен қыздың, өз жынысына орай сөйлер сөзі де ерекше болып қалыптасады. Жалпы алғанда, жас ұланды ана тіліне баулу ісі олардың жыныстық жастық ерекшеліктерін ескеру негізінде жүргізілуі шарт [Хасанұлы 2005, 16 б.]. Қазірде жасөспірімдер арасында қатынастың электрондық жəне ұялы байланыс түрлері (SMS, интернет) кеңінен тараған. Ұялы байланысты қыз балалар да, ер балалар да бірдей пайдаланады. Алайда интернет тілін ер балалар жетік меңгерген. Демек, гендерлік лингвистикалық зерттеулерде электрондық қарым-қатынас ерекшеліктерін де ескерген абзал.

Қазақ дəстүрінде ұл əкенің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тəрбиенің түрі өзгереді, біртіндеп гендерлік дағдыларға бейімделе бастайды. Халқымыздың салтдəстүрімен біте қайнасып жатқан гендерлік ерекшеліктер тіліміздің інжу-маржандары халық ауыз əдебиеті үлгілерінде, мақал-мəтелдерде, тұрақты сөз тіркестерінде кең қамтылған. Жас, жыныс айырмасын сипаттайтын гендерлік фразеологизмдердің басым көпшілігі ұл балаға қатысты қолданылады. Мысалы: ат ұстар, ат байлар, ат қосшы, қазан бұзар, қыз теке (қыздармен қосылып ойнайтын ер бала), отау иесі, ашамай міну, тоқым қағар, т.б. Мақал-мəтелдерде көбінесе ұл мен қыз қатар қойылып, салыстырылып беріледі: Үй иесі – ұл, төр иесі – қыз; Қыздың ұяты – шешеге; Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, ұлы атадан үйренбей сапар шекпес; Қызы мінезді келсін, ұлы өнерлі келсін, т.б. Қазақ қоғамында қалыптасқан мəдени дəстүр бойынша балалық шақтың əрбір кезеңінде ересек өмірге бейімделу, əлеуметтену, дəлірек айтқанда, ұл – еркек, қыз

– əйел болу қағидаларын игеріп, гендерлік нормалар мен рөлдерге машықтануы маңызды болып саналған.

Халқымыз қыздың əлеуметтік жасын көбірек ескерген. Ер жетіп, балиғатқа толған қызын ұзатылғанға дейін бойжеткен, ұзатылатын қыз, атастырылған қыз, қалыңдық деген гендерлектілермен атаған. Тілімізде қыз бейнесін айшықтайтын образды тіркестер жетерлік. Солардың ішінде беті ашылмаған, он екі де бір гүлі ашылмаған, салиқалы қыз, хор қызы тұрақты сөз тіркестерімен қатар көркем тілмен оюланған гендерлектілерді де атап өткен жөн. Мəселен, жас ерін, нəзік бел, сəбидің білегіндей торғын тамақ, мақпалдай екі беті үлбірейді, миуалы пісіп тұрған жас алмадай, т.с.с. Он бесте отау иесі саналған бозбала да есейіп, бойы да, ойы да өсіп, күш-қуаты артқан, жетілген, ер-азамат болып жігіт жасына да жетеді. Халық ұғымында жігіт жасына сай батыл, ер жүрек, өткір, бір сөзді, ақылды, білімді, яғни сегіз қырлы бір сырлы болуы шарт. Осы ретте мынадай гендерлектілер кездеседі: Жігітті жігерінен таны; Жақсы жігіт: он бесінде жас емес, жүзге келсе де, пəс емес, т.б. Бұл сияқты мақал-мəтелдер жігіттің гендерлік рөлін бекемдей түседі. Жігіттік шақты бейнелейтін жас жігіт, зіңгіттей жігіт, қылшылдаған жігіт, жігіт-желең, күйеу жігіт, сақа жігіт гендерлектілері жігіттің физиологиялық толысуы ғана емес, гендерлік əлеуметтенуін де білдіреді. Осы тəріздес гендерлік жас аталымдарын башқұрт тілінен де кездестіруге болады. Мəсе- лен, башқұрт тілінде егет (жігіт) «айгыр тотоп менерлек егет» (айғыр тартып мінерлік жігіт), «типһə, тимир озорлок» (тепсе, темір үзерлік), «кэлэш эйттерерлек» (күйеу боларлық жігіт), т.б. түрінде келіп, жас шамасына қарай жігіт атқаратын істерді мегзейді (Ф.Ф. Фатыхова).

Адамның кемел жасқа жетіп, есейген шағында белсенділігі артады, бұл кезеңде еркек те, əйел де жоғары əлеуметтік мəртебеге қол жеткізіп, соған сəйкес гендерлік рөл атқарады. Бүгінде де əйел мен еркектің жас деңгейін бағамдайтын гендерлік өлшемдер ұлттық дəстүрімізден алшақтай қойған жоқ. Замануи талаптармен сабақтаса келіп өмір салтынан, еңбектен жəне қоғамдық-саяси, мəдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық қатынастан көрініп отырады.

Қорыта айтқанда, тілді біліктілікпен дамыту үшін тілдің əлеу- меттік жіктелуі мен адамның жыныстық айырмасы арасындағы байланысты яғни гендерлік жіктелімді зерттеу керек.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close