Білім

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 2021 жылғы 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуіне байланысты облыс әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановтың бекіткен іс-шарасын басшылыққа алуда.
Науқанның мақсаты балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.

Осыған байланысты Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева бекіткен ісшара жоспарына сәйкес, 1 маусым  — Балаларды қорғау күні халықаралық мерекесі қарсаңында бала еңбегіне қатысты 12 күндік ұлттық ақпараттық науқан ұйымдастырылады.

Науқанды ұйымдастыру барысында аудандық іс шаралар санитарлық талаптарды сақтай отырып, шара барысында 12 күн ішінде білім беру мекемелері мен аудандық полиция басқармасымен бірлесе отырып, күндізгі және түнгі уақыттарда рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, онлайн режимінде ата-аналармен түсіндірме жұмыстары, кездесулер, балалар арасында байқаулар өткізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close