Без рубрики

АЛМАТЫДА АВТОТҰРАҚ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРЕДІ

Алматыда коммуналдық автотұрақтарды пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық мәслихат отырысында Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев мәлімдеді.

Жаңа жобаға сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары тұрғылықты мекенжайынан 500 метр радиуста орналасқан бір коммуналдық автотұрақта бір автокөлігін тегін қоя алады.

Сонымен қатар жүргізушіге нақты тұрақ орны бекітілмейді. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе автотұрақ орындарын тиімді пайдалануға және бос орындардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа құжатта автотұрақтарды жабдықтау талаптары, олардың жұмыс тәртібі мен төлем жасау қағидалары да біріздендірілмек. Ал белгіленген ережелердің сақталуын мобильді және стационарлық фото-бейнетіркеу кешендері бақылайды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close