Без рубрики

АҚТӨБЕДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖАСӨСПІРІМДІ СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде қызметкердің екі жасөспірімге күш қолданғаны туралы іс сотқа жолданды.

Тергеу мәліметінше, 38 жастағы мешіт қызметкері Бауыржан Оралов тарауық намазына келген екі жасөспірімді ұрлық жасамақ болды деп күдіктенген. Айтылғандай, намаздан кейін 15 жастағы жасөспірім аяқ киімдердің арасынан бір кроссовканы алып, досына көрсеткеннен кейін қайта орнына қойған.

Осыны көрген мешіт қызметкері жасөспірімдерді тоқтатып, олардың бірін жерге құлатып, басынан бірнеше рет тепкен. Оқиға мешіттің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Салдарынан жәбірленуші есінен танып қалған. Дәрігерлер оған орташа дәрежедегі ми шайқалуы мен бас-ми жарақаты диагнозын қойған. Жасөспірім 20 күннен астам ауруханада ем қабылдап, кейін бірнеше ай оңалтудан өткен.

Оқиғаға байланысты екі тарап та бір-біріне арыз жазған. Полиция қылмыстық істі тергеп, материалдарды соттың қарауына жолдады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close