Без рубрики

АСТАНАДА ҚЫЗҒА ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Астанада таңертең жұмысына кетіп бара жатқан бойжеткенге шабуыл жасаған 27 жастағы ер адам ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қызға артқы жағынан келіп, күштеп ұстап, оған күш қолдануға әрекеттенген. Бойжеткеннің айғайлап көмек сұрағанынан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленуші күдіктіні сыртынан видеоға түсіріп үлгерген. Кейін полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтап, ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close