Без рубрики

МАҢҒЫСТАУДА ЖОЛ АПАТЫНАН ЖҮРГІЗУШІ ҚАЗА ТАУЫП, ТӨРТ БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ

Маңғыстау облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға Шетпе – Сайөтес автожолының 252-шақырымында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 28 шілде күні таңертең Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Көлікте болған төрт бала түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.

Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиғаға дейін аталған көлікті патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушіге жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, ұзақ жолда міндетті түрде демалып алу жөнінде ескерту жасалған.

Алайда жүргізуші бұл ұсынысты орындамаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өкінішке қарай, қабылданған алдын алу шараларына қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмаған.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close