Қоғам

ҚҰБЫР ЖҮРГІЗУ КӨЛІГІНДЕГІ ІЗДЕУ – ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Құбыр жүргізу көлігі – сұйық, газ тəрізді заттарды немесе қатты өнімдерді құбыр арқылы қашықтыққа жіберуді жүзеге асыратын көліктің түрі. Құбыр желілі көлігін ұйғарылуына жəне аумақтық орналасуына байланысты магистральді жəне өндірістік (технологиялық) деп ажыратады.

Магистральді құбыр желілі көлігіне газ мұнай құбыры жатады, онымен өнімдер шығарылатын орыннан өндейтін жəне тұтыныс орнына тасымалданады

  • зауытқа немесе теңіз портына танкерлерді ауыстырып тиеу жəне одан əрі тасымалдау үшін. Магистральді өнімдер желілері бойынша зауыттан дайын мұнай өнімдері тұтыныс аудандарына жеткізіледі. Технологиялық құбыр желілері өндірістік өнеркəсіп құбыр желілерінің үштен бірін құрайды. Олармен газ, бу, шикізат болып келетін сұйықтық, жартылай фабрикат, дайын өнімдер, өндірістің қалдықтары немесе қалыпты ағымдағы технологиялық үдеріс үшін қажетті өнімдер тасымалданады. Технологиялық құбыр желілерімен өртке қатысты қауіпті жəне денсаулыққа зиянды өнімдер тасымалданады, сонымен қатар, оған қоса əртүрлі қысымдағы жəне температурадағы қауіпті заттар тасымалданады.

Соңғы уақытта өнім өткізгіштердегі ТЖ санының өсуі байқалуда, оның негізгі себебі болып :

  • өнім өткізгіш элементтерінің физикалық жəне моральдық қызметі жағынан тозуы;
  • адам факторы (өнімдерді құбырға жабық ысырма кезіндегі қысыммен жіберу, көліктік жəне т.б. авария кезінде өнім өткізгіш элементтерінің зақымдануы);
  • дүлей зілзала (жер сілкінісі, көшкін, опырылма жəне т.б.);
  • адамдардың қылмысты əрекеттері (теракт, рұқсат берілмеген өнім өткізгішке жалғау жəне т.б.).

Барлық осы құбылыстар өнім өткізгіш элементтерінің қирауына немесе бұзылуына əкеледі, оның салдарлары: ҚƏУЗ, жанғыш газдың, қайнаған судың, будың жəне басқа да агрессивті заттардың таралуына, мұнайдың жəне мұнай өнімдерінің жайылуына, өрттерге жəне жарылыстарға, жергілікті жердің жəне қоршаған ауаның ластануын, экологиялық апат масштабына дейін жеткізуі мүмкін.

Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – əрекеттер, құтқарушылар жұмыстың келесі түрін орындайды:

  • бірінші кезекте адамдарды қауіпті аймақтан (əсіресе бұл авария болған кəсіпорынға қатысты), сонымен қатар қажет болған жағдайда, жергілікті жердің іргелес аудандарынан құтқару жəне көшіру;
  • екінші рет зақымдау факторлары болуы жəне жəне ТЖ қайта өрбуі мүмкін масштабтарды бағалау үшін зақымданған ошақтарға барлау жүргізеді;
  • жұмысты жүргізу үшін қажетті адамдардың, техникалардың, қорғаныс құралдарының, құралдар мен аспаптардың санын анықтайды;
  • зақымданған ошаққа жылжитын бағытты, жұмыстың орындалу реттілігін, авария орнында құтқарушылардың тіршілігін қамтамасыз етуге көмектесетін қажетті жабдықтардың, техникалардың, жүйелердің қажетті орналасу орнын анықтайды;
  • аварияны оқшаулайды жəне оның зардабын жоюды жүзеге асырады.

Өнім өткізгіш зақымданған кезде қандай жағдай болса да, тез арада ысырманың, сұқпаның жəне басқа да тиекті, ілгекті құрылғылардың көмегімен авариялық участкені оқшаулау қажет. Бір мезгілде сиымдылық өзгереді, сорғыштардың жəне компрессорлардың жұмыстары тоқтатылады. Ірі авариялар кезінде барлық кəсіпорындардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.

ҚƏУЗ жəне басқа да агрессивті заттардың төгілуі кезінде төгілудің құрамын жəне концентрациясын анықтау мақсатында химиялық барлау жүзеге асырылады. Бұл үшін химиялық барлаудың əскери аспаптары жəне шаруашылық нысанасында қолданылатын индикациялық аспаптар пай- даланылады.

Химиялық барлаудың əскери аспаптары келесіге бөлінеді:

  • индикаторлық түтік қолданылатын аспаптар (ППХР, ВПХР, ПХР – MB жəне т.б.);
  • индикацияның иондық жəне биохимиялық (ПРХР жəне т.б.) əдісімен жұмыс істейтін аспаптар (ГСА – 12, ГСА – 13 жəне т.б.).

Шаруашылық нысаналарында əмбебап газ сараптағыш УГ – 2 қолда- нылады. Химиялық барлау комплектациялық аспабына оларды сақтау жұмысқа дайындау жəне пайдалану нұсқаулығы кіреді.

Технологиялық жүйелердегі ҚƏУ3 аварияларды жою жəне таралған немесе төгілген жағдайда оларды залалсыз ету кезінде авария орнына тек қана оқшаулайтын газқағармен жəне қорғайтын киіммен жел жағынан жақындау қажет. Сүзгілік газқағарды жоғары консентрациялы улы булар жоқ болған кезде қолдануға рұқсат етіледі. Іздестіру – құтқару жұмыстарын нысананың газ құтқару қызметінің жеке құрамының қатысуымен жүргізген дұрыс, өйткені нысананың əкімшілігінің келісімімсіз техникалық коммуникациядағы крандарды, вентильдерді өз бетінше жабу жəне ашу, құрылғыларды жəне аппаратураларды ауыстыру жұмыстың жүргізілуіне теріс əсері тиуі мүмкін.

Қажетті жағдайда құтқарушылар нысан аумағына жəне оған меншік жергілікке залалсыздандыру жүргізеді. Бұл үшін пайдаланылатын құралдар бейтараптауға қажет заттың сипатына сəйкес келу керек. ҚƏУЗ залал- сыздандыру химиялық, физико – механикалық жəне механикалық əдсітермен жүргізіледі. Химиялық əдіс кезінде ҚƏУЗ газдан тазарту (бейтараптау) жүргізіледі, зақымданған алаңға газдан тазартылған ерітінділерді құяды. Бұл үшін құйып – жуатын жəне өрт сөндіру көліктері, су сорғылары, жылжымалы жəне тасылатын бүркігіштер қолданылады.

Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – əрекеттер.

Апат болған кезде мұнай өнімдері төгілгенде, өнім өткізгішінде келесі жұмыстар орындалады:

  • коммуникацияның зақымданған бөліктері өшіріледі;
  • шұңқырға, ойға сонымен қатар жер дуалдарымен қоршалған аумаққа жиналатын өнімдердің одан ары жайылуын тоқтатады;
  • мұнай өнімін сорып, запастағы сиымдылыққа ауыстырады.

Мұнай жəне мұнай өнімін бейтараптау өте қиын, өйткені олар нашар араласады жəне басқа заттармен химиялық реакцияға түседі, сонымен қатар оның құрамында үлкен мөлшерде əртүрлі компоненттер бар. Сондықтан мұнай өнімдерін газсыздандыру үшін басқа əдістер қолданылады. Физика – механикалық əдіс кезінде ҚƏУЗ жəне агрессивті заттарды залалсыздандыру күйдіріледі немесе радиобелсенді двигателдің ыстық газының əсерімен буға айналдырылады. Көбінесе күйдіруге мұнай өнімдері жатады. Бұл əдісті, егер ыстық заттарда екінші рет өрт шығару немесе қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру қауіпі болмаса ғана қолдануға болады.

Залалсыздандырудың механикалық əдісі зақымданған жердің немесе қардың қабатын алып тастау. Жергілікті жер участкелері мен қатты төсемдерсіз жолдардағы улы заттар бульдозерлердің, скреперлердің, грейдерлердің көмегімен үстіңгі қабатты кесіп, немесе зақымданған участкеге зақымданбаған топырақ сеуіп жояды.

Газ құбырындағы аварияларды жою. Газ құбырындағы аварияларды жою ең əуелі оның зақымданған бөлігінің өшірілуінен, оған жəне газгольдер станциясында орналасқан газ құбырларын ілмек құралдарымен (құлыптармен, ысырмалармен) бекітуден басталады. Төмен қысымдағы газ құбырындағы құбырларды кесу немесе жару кезінде олардың шетін ағаш тығындармен бекітеді, балшық жағады немесе табақ рəзіңкемен орайды, муфт орнатып құбырдағы жарықты дəнекерлеп бекітеді немесе бітейді.

Жарықтарды құбырларды уақытша нығыздалған бинтпен, балшық жағып немесе қамыт салып табақ резеңкемен орап бекітіп тастауға болады. Газ тұтанған кезде газ құбырында оның қысымын төмендетеді, содан кейін алауды құммен, топырақпен, балшықпен өшіреді, газ құбырына сулы брезент жабады содан кейін топырақпен көмеді де су құяды.

Жер астындағы құбыр өткізгіштерден газдың шығуын іздеу үшін қызметтік иттер пайдаланылады.

Газбен бүлінген жерде жарылыстан қашу үшін: сіріңке жағуға, темекі шегуге, ұшқын шығаратын құралдарды, қозғалтқышпен жұмыс істейтін көліктерді жəне механизімдерді пайдалануға тиым салынады. Қысымда тұрған, сонымен қатар ғимараттардағы газ құбырымен жұмысты тек қана түрлі түсті металдан жасалған құралмен жасайды. Болат құралдардан ұшқын шығармау үшін минералданған маймен майлануы керек. Газбен бүлінген участкелерде жұмыс орнын жарықтандыру үшін тек қана жарылу қаупі жоқ аккумуляторлы фонарьларды пайдалануға рұқсат етіледі.

ӨРТ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ІЗДЕУ – ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Өрттің орнына байланысты – тұрмыстық, өнеркəсіптік (техногенді) жəне табиғи болып бөлінеді. Өрт болып жатқан аралық үш аймаққа бөлінеді: жану, жылу əсері, түтіндену. Жанғыш материалдар мен заттар тұрған жəне олар тікелей жанып жатқан кеңістіктің бөлігі жану аймағы болып табылады.

Өрттің негізін құраушы от (жалын), түтін, күл, күйе. Бу жəне газ болатын кеңістік жалын деп аталады. Ауада қалқып тұрған жағдайда жанбайтын ұсақ күйе бөлшектері мен қатты тотықтар түтін түзеді, айтарлықтай үлкен жанбайтын бөлшектер күл түзеді.

Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары: ашық от, ұшқындар, жылы сəулелену, түтін, төмендетілген оттек концентрациясы, жанған уытты өнімдер (көгерткіш қышқыл, көміртек тотығы, фосген, акрилонитрил), құлайтын заттар мен құрылыстар. Əрбір өрттің өзіндік сипатты белгісі бар:

Түтіннің қара түсі өртте күйенің бары туралы дəлелдейді, ол мұнай өнімінің, резеңкелердің, көмірлердің жанып жатқанының белгісі. Ақшыл түтін

  • онда магний тотығының жəне едəуір мөлшерде су буының барлығы. Оттектің көлеміне байланысты жалын жарқырамайтын (50% дейін) жəне жарқырайтын (50% жоғары) болады. Жанып жатқан затта көміртек болған кезде жалын ыс бөліп шығарады. Өзіне тəн ерекше иіспен, түспен, дəмімен, көздің шырышты қабықшаларына əсер етуімен, дем алу жолдарымен құтқарушылар ауадағы (түтіндегі) қауіпті затты анықтай алады. Мұндай заттардың сипатты белгілері төменде көрсетлген:

Аммиак. Өткір иісті, дем алу жолдарын тітіркендіреді, көзді ауыртады жəне жасауратады, жөтелдіреді.

Хлорлы сутек. Ащы иісті, дем алу жолдарын қатты тітіркендіреді, қарлығуды, тұншығу сезімін қоздырады.

Цианисті сутек. Ашты бадам иісті, өңешті тырналап жатқанын сезінеді, ауызда күйдіргіш ащы дəмді сезінеді.

Күкіртті газ. Өткір иісті, өте кішкене концентрация көздің шырышты қабықтарын, дем алу жолдарын тітіркендіреді, тым жоғары концентрациялар қарлығуға алып келеді.

Формальдегид. Түтіннің ақ нығыздалған түрі, көздің шырышты қабықтарын, мұрынды, дем алу жолдарын тітіркендіреді.

Хлор. Ащы иісті жасыл – сары газ, дем алу жолдарын тітіркендіреді.

Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті – зардап шеккендерді іздеу жəне көмек көрсету. Құтқару жұмыстары:

  • зардап шеккендерді өрт аймағында тауып алу кезінде;
  • өрттің адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген кезінде;
  • құрылыстың жарылу немесе қирау қаупі болған кезде;
  • адамдар өз беттерімен қауіпті жерден кете алмаған жағдайда, үрейлі – дүрбелең болған жағдайда жүргізіледі.

Адамдарды құтқару тəртібі өрттің нақты жағдайына байланысты анықталады. Бірінші кезекте өмірлеріне қауіп төніп тұрған зардап шеккендерге, сонымен қатар балаларға, ауруларға, қарт адамдарға көмек көрсетіледі.

Fимараттарда өрт болған кезде: зардап шеккендердің құтқарушылардың алып жүруімен шығуы; зардап шеккендерді сатымен, арқанмен, жең қаптармен көшіру, тік ұшақпен көшіру үшін төбеге көтеру – аман қалудың негізгі əдісі болып табылады.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушылар алып жүре алатын қысқа жəне қауіпсіз жолдарды таңдаулары керек: негізгі кіретін жəне шығатын, запас (өрт) шығулар, өрт сатылары; сатыны, арқанды пайдалану арқылы терезе ойықтары жəне балкондар; қабырғаларға жəне жабық жерлерге құтқарушылар жасаған саңылаулар.

Зардап шегушілер отырған жабық терезелер мен есіктерді құтқарушылар сүйменнің, ауыр балғаның, балтаның, кескіштің, балғаның, электрлі жəне пневматикалық құралдың, газэлектр балқытуды жəне жарудың көмегімен ашу керек.

Жанып жатқан ғимараттың есігін абайлап ашу керек жəне кенеттен от жəне түтін шыққан жағдайда жарақат жəне күйік алмас үшін оның бір шетіне қарай тұру қажет. Терезені ашу келесі əдіс арқылы жүргізіледі. Құтқарушы оған сатымен немесе механикалық көтергіш құрылғысымен көтеріледі. Егер терезе торланған болса, онда торды кесу керек. Торды алып тастау үшін сылақты терезенің периметрімен алып тастайды, содан кейін кірпіштерді оның бекітіліп тұрған орнынан ұрып шығарады. Бұл жұмыстар терезенің үстіңгі бөлігінен басталады. Терезені аша алмаған жағдайда əйнекті сындыру керек, рамада қалған сынықтарды алып тастап ғимаратқа кіру қажет.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушыларға металдан, жұқа тақтайдан, черепицадан, шифердан, руберойдтан жасалған шатырды ашуға тура келеді. Металл шатырларды сүйменнің, балтаның, араның, металдан жа- салған тістеуікпен жəне қол араның көмегімен ашады. Черепицалы жəне шиферлі шатырлар торға арамен кесіп саңылау жасап черепицаларды жəне шиферлерді ашу жолымен жүргізіледі; руберойдты шатырға саңылау (ойық) балтамен, сүйменмен, арамен, электр ажарлайтын машинамен жасалады. Жұқа тақтайлы шатыр төбені ашып жəне сүйменнің, балтаның, көмегімен тақтайларды жұлып алады. Оған ойық 2-3 тақтайды алып тастағаннан кейін арамен жасалады. Сабан жəне қамыс төбелерді төбені жабатын материалдарды багроммен жəне вилламен алып тастайды.

Құтқарушылар ғимараттың ішіне кіргеннен кейін олар зардап шеккендерді іздеуге кіріседі. Бұл жұмысқа бір уақытта бірнеше адам қатысуы керек, оның үстіне олар бір – бірімен үнемі радио, дауыс, ым, жарық дабылдар арқылы байланыста болулары тиіс. Іздеу кезінде барлық ғимарат қаралып шығады, дауыспен жəне тарсылмен дабыл беріледі, жауап, ыңырсу, айқай белгілері болуы мүмкін. Құтқарушылар ереже бойынша үлкен адамдар жанып жатқан үйден есікке, терезеге, балкондарға жиналып өз беттерінше шығуға тырысатынын білу керек; балалар бұрышқа, төсектің, үстелдің астына, шкафтардың артына немесе шкафтардың ішіне тығылады, қоймаларға, дəретхана жəне ванна бөлмелеріне жасырынады. Шақырған дауыстарға олар мүлде жауап бермейді десе де болады.

Іздеу тек барлық зардап шеккендерді тапқаннан кейін тоқтатылады.

Ғимарат қатты түтін болған жағдайда құтқарушылар кешіктермей терезелер мен есіктерді ашып желдетулері керек. Кейде түтін сорып алғыштарды пайдалану орынды. Түтінді бір мезгілде салқындататын жəне оның катты бөлшектерін серігітетін сумен тазартылған сорғалатып ағызғышпен азайтуға болады.

Зардап шегушіні тапқаннан кейін құтқарушы оған ылғалды мата жабады, қолынан ұстайды немесе қолына алып қауіпсіз орынға (көтеріп апарады) шығарады. Зардап шегушінің аузы мен мұрны дымқыл орамалмен, шарфпен, бас жаулықпен жабылады, оған газқағар немесе оттек маскасын кигізеді. Адамды түтінденген, жанып жатқан, ыстық аймақтан шығара отырып, қолында арнайы қорғаныс құралдары болмаса, құтқарушының өзі басын нығыздалған дымқыл матамен орап, көрпемен, жамылғымен орану керек. Қауіпті аймақтан тез жəне абайлап, ал ашық отты жерден жүгіріп өту қажет.

Өрт кезінде адамдардың жарақат алуы жəне қаза болуы тұншығудан, уытты жанған өнімнен уланудан, ыстықтан зақымданудан, өрт аймағынан өз бетімен шыққан кезде құлаудан, жарылған кезде жəне заттардың құлауы кезінде, қысылып қалудан жəне үрейлі – дүрбелең уақытында болады.

Егер адамдар үрейлі болса, онда құтқарушылар өздерін байсалды жəне сенімді ұстаулары қажет, бұйрықты айқын дауыспен беріп, үрейлі көңіл – күйді тез жəне лезде басулары керек. Клубта, кинотеатрда, циркте, концерт залында, адамдардың көп жиналатын жерлерінде өрт болған кезде құтқарушылар бірінші кезекте балкондағы, галереядағы, адамдарға көмек көрсетулері керек, өйткені бұл жерлерде жанған өнімдер тез қаулап жиналады да температура көтеріледі.

Емдеу мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар медицина құрамымен жақын араласып жұмыс істеп жəне оның нұсқауларын орындау керек. Балалар мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар барлық бөлмелерді, шкафтарды, төсектерді, қабырға мен перделердің арасын мұқият қарап шығуға міндетті, содан кейін балаларды қауіпсіз орынға (көтеріп алып) шығарады

РАДИОАКТИВТІ ЗАҚЫМДАНУ ЖƏНЕ ҚƏУЗ ШЫҒУ (ТӨГІЛУ) АЙМАҒЫНДАҒЫ ІЗДЕУ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже бойынша, атом электр станцияларында, атомдық өндіріс кəсіпорындарында, радиоактивті заттарды таситын жəне пайдаланатын қондырғылар мен көлік құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нəтижесінде орын алады.

Радиациялық зақымдану дəрежесі. Радиоактивті ластану жағдайында ІКЖ жүргізудің негізі ерекшелігі:

  • құтқарушылардың радиоактивтілікпен ластанған аймаққа жету уақытын қатал белгілеу;
  • кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру;
  • жеке қорғану құралын (ЖҚҚ), техникалардың қорғаныс құралдарын, көліктерді, бұзылмаған ғимараттарды пайдалану;
  • алынған сəулелену мөлшеріне үздіксіз бақылау жүргізуді ұйымдастыру жəне жүзеге асыру болып табылады.

Жергілікті жердің радиоактивтілікпен ластануы кезінде адамдарды сəулеленуден қорғау жағдайын жасау өте қиын. Сондықтан радиоактивті заттармен ластанған аймақтағы іс – əрекет кезінде белгілі бір уақытқа рұқсат етілген сəулелену мөлшері орнатылады, олар ережеге бойынша, адамдарды сəулелену (радиациямен) зақымдануды болдырмау керек.

Радиациялық барлау. Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мəліметтеріне байланысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:

  • жергілікті жерде жəне ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу жəне бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру;
  • құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сəулелену мөлшерінің күштілігін анықтау жəне радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;
  • ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу;
  • радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;
  • судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу жəне оларды зертханаға жіберу;
  • метрологиялық бақылау;
  • радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққан құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.

Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты жəне т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне:

  • дер кезінде радиоактивті ластануды табу жəне хабарландыру дабылын беру;
  • радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;
  • күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді барлау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.

Радиациялық бақылау орны тəртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сəулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т жəне т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 жəне т.б.) сəулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сəулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру жəне байланыс құралдарымен, радиациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.

Іздестіру — құтқару жұмыстарын жүргізудің технологиясы.

Іздестіру – құтқару жұмыстары радиоактивті ластану жағдайында мыналарды қамтиды:

  • ластанған аймаққа барлау жүргізеді жəне зардап шеккендерді іздейді;
  • ластанған аймақты жəне сəулелену көздерін оқшаулайды;
  • зардап шеккендерді қоршаудан босатады, оларға шұғыл дəрігерлік көмек көрсетеді, оларды ластанған аймақтан көшіреді;
  • ТЖ зардабын жояды.

Радиациялық авария жағдайында жəне олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:

  • негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шəпкілер, мақта – матадан жəне аралас маталардан тігілген шұлықтар) жəне қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы жəне резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);
  • тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар жəне т.б.);
  • оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі жəне қосымша);
  • қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта – маталы саусақты биялай немесе қолғаптар);
  • көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар жəне т.б.);
  • қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер жəне т.б.) жатады.

Радиациялық авария болған кезде радиометриялық бақылауды жəне радиациялық жағдайды бағалау нəтижесіне негіздеп, авария аймағын екі аймаққа бөлу орынды.

Бірінші аймаққа (қатаң тəртіптегі аймаққа) жоғарғы қабат пен ауаның радиоактивті ластануының белгіленген деңгейден жоғарлауы байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ негізгі арнайы киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ, пленкалы немесе резеңкелі материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ – киімдер жəне оқшаулағыш костюмдер жəне т.б.) талап етіледі.

Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тəртібіндегі аймақ) ауа мен жоғарғы қабаттардың радиоактивті ластану деңгейі авариялар жағдайымен шартталған, рұқсат етілген көлемде болатын ғимараттар мен аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау үшін жəне радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі арнайы киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде киімін толық ауыстырып кию жəне санитарлық рұқсатнама арқылы ұйымдастырылады, ал ғимаратқа жəне бірінші аймақтағы аумаққа кіру санитарлық шлюз немесе санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады.

Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:

  • жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе өлшенген концентрациясы туралы;
  • жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы;
  • ластанған ерітінділерді құю (соның ішінде қатерсіздендіретін) немесе пароэжекциялық бүркігіштерді қатерсіздендіру үшін булы қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:
  • ауырлық (қиындық) категориясы жəне жұмысты орындау ұзақтығы туралы;
  • жұмыс орнындағы микроклимат жəне ауадағы газ құрамы туралы (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы жəне жарылу қаупі бар газ қоспалары жəне т.б.) мəліметтерді пайдалану керек.

ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50% көп) бу шығаратын улы заттар бар ғимараттарға, боксқа, сиымдылыққа, цистерналарға, құдықтарға кұтқарушылардың кіруі кезінде ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай, сондай – ақ түріне жəне алда тұрған жұмысқа байланысты құтқарушылар авария орынына келгеннен кейін штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ жəне т.б.).

ҚƏУЗ шығу (төгілу) аймағындағы ІҚЖ. Қатты əсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің жəне əр түрлі объектілердің зақымдануы.

Химиялық зақымдану ошағындағы іс – əрекет. Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚƏУЗ жайылғанын байқағаннан бастап – ақ:

  • қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;
  • қажет болған жағдайда ҚƏУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;
  • көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;
  • қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;
  • ҚƏУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады;
  • зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса,

топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;

  • жағдайды болжау жəне ҚƏУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.

ҚƏУЗ зақымданған аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамтамасыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды жəне оған ҚƏУЗ–дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын жəне топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.

Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚƏУЗ бары əрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚƏУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚƏУ3 анықталған жерлерден, ҚƏУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.

Елді мекендерде химиялық барлау көшелер мен айналымдардың жағалауларына аса мұқияттықпен жүргізіледі. Жеке аулаларда, ғимараттарда, үй жанындағы телімдерде жəне басқа да объектілерде барлауды шолғыншылар жаяу жүру тəртібімен жүзеге асырады. Мұндай жағдайда қоршау белгілері көше қиылыстарына, аулалардан шығатын жерлерге жəне ғимараттардың кіре берістеріне, аулаларда жəне көшелердің жақсы көрінетін жерлеріне қойылады. ҚƏУЗ жергілікті жерде жəне ауада барын анықтау үшін химиялық барлаудың əскери аспаптары жəне шаруашылық нысанында индикацияға пайдаланатын аспаптар қолданылады.

Зардап шеккендерді іздеу үшін:

  • құтқару жұмыстарының барлық участкелерін оған қоса ашық өндірістік алаңдарды, үйінділерді, зақымданған  ғимараттарды сондай – ақ зақымданған аймақтағы өндірістік жəне тұрғын үйлерді тексеру;
  • зардап шеккендердің табылу орнын анықтау жəне белгілеу, мүмкіндігінше олармен байланыс орнату;
  • зардап шеккендердің жағдайын анықтау;
  • зардап шегушілерге өрттің, түтіннің, құрылыстардың жəне олардың қирандыларының орнықсыздығын, құлау мүмкіндігін жəне қаупін айқындау;
  • зардап шеккендерді құтқару жұмыстарының шамамен орындалған көлемін жəне тəсілін анықтау, оларға алғашқы дəрігерлік көмек көрсету мүмкіндігін бағалау жəне басқа зақымдаушы факторлардың адамға тигізер əсерін жою жəне шектеу қажет.

ҚАУІПТІ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ҚИРАУЫ

ТЖ аймағында көбінесе қираған ғимараттар қалады. Олар өздерінің күтпеген жерден қирауына байланысты қауіп төндіреді. Бұл құрылыстар арнайы тетіктерге бекітілулері қажет (тіреуіш, таяғыштар) немесе қиратылуы керек. Қирату үш негізгі тəсілдермен жүзеге асырылады.

Бұл жұмыстарды жүргізетін аймақ қоршалуы тиіс.

Көптеген ғимараттар адамдардың болуы мүмкін жертөлелер мен, баспаналармен, технологиялық үй асты қоймаларымен жабдықталады. Пайда болған үйінділер, тəртіп бойынша, шыға берістерді жабады, ауаның кіруін қиындатады, бұл баспаналарда адамдардың өз беттерімен шығуына мүмкіндік бермейді.

Құтқарушылардың міндетіне:

  • басылып қалған баспаналарды іздеу;
  • баспананың ішіндегі жағдайды (адамдардың саны, олардың жағдайы, бұзылған баспананың дəрежесі, судың, тамақтың, дəрі – дəрмектердің бар – жоғын) анықтау;
  • баспанаға ауаның, судың, тамақтың, дəрі – дəрмектердің, таңатын материалдарды, қорғау құралдарын беруді ұйымдастыру;
  • баспананы қазу, тазалау, зардап шегушілерді көшіру, оларға көмек көрсету кіреді.

Басылып қалған баспаналарды іздеу қала, аудан, көшелердің жоспарының көмегімен, ішкі белгілерімен (ауа алу құбырлары), дыбысты дабылдармен (айқай, ыңырсу, тарсылдату), итті пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Баспананы тапқаннан кейін зардап шегушілермен байланыс орнатылады (дауыспен, тарсылдатумен, радио арқылы немесе телефон байланысымен). Құтқарушылар баспананы тазалауға жəне қазуға бір уақытта кіріседі.

Бірінші кезекте люктердің, есіктердің, ойықтардың ауа алу кұбырларының орындары босатылады жəне тазартылады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса онда құтқарушылар қабырғаға немесе жабық жерлерге тесік ояды. Бұл жұмыстар бетон сүйменнің, шой балғаның, сүйменнің, ауыр балғаның, кескіштің, күректің көмегімен орындалады. Тесіктер ауа, су, тамақ, дəрі – əрмектер беру үшін қызмет етеді. Оларды кеңейткеннен кейін олар адамдарды көшіру үшін пайдаланылады. Жарым – жартылай бұзылған ғимараттардағы адамдарды құтқару жұмыстары ішкі қабырғалардың бұзылуын жəне бос тұрған құрылыстарды, ішкі бөлмелерді, адамдардың табылу орнын жəне оларды көшіру мүмкіндігін қараудан жəне тексеруден басталады.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ІЗДЕСТІРУ – ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ

Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу. Үйінді деп құрылыс материалдарының жəне конструкциялардың, технологиялық жабдықтардың, санитарлық – техникалық құрылғылардың, жиһаздардың, үй аспаптарының, тастардың бей–берекет үйіліп жатуы айтылады. Үйіндінің пайда болуының себебі табиғи дүлей апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны, цунами, дауыл, боран, опырылулар, көшкін, сел тасқындары), материалдардың тозуына жəне бұзылуына əкелетін табиғи əсерлердің факторлары (атмосфералық ылғалдық, жер астындағы сулар, ауа температурасының күрт өзгеруі, шөгіп қалған топырақ), құрылысты жобалау сатысындағы қателіктер, нысананы пайдаланудағы ережелердің бұзылуы, əскери қимылдар болуы мүмкін. Құрылыстың бұзылу дəрежесі бұзатын фактордың күшіне, оның əсерінің жалғасу ұзақтығына, конструкцияның сейсмотұрақтығына, құрылыстың сапасына, құрылыстың тозу дəрежесіне (ескіруіне) байланысты.

Үйінділер бірыңғай (тұтас) жəне жеке (əр жерде) болады. Үйінділер шартты түрде темір бетонды жəне кірпішті болып бөлінеді. Темір бетонды үйінділер темір бетон қалдықтарынан, бетон, металл жəне ағаш конструкцияларынан, қаланған кірпіштердің құлаған қалдықтарынан, технологиялық жабдықтардың элеметтерінен тұрады. Олар үлкен көлемдегі ірі элементтермен, көбінесе өзара қосылып жатқан қуыстармен жəне тұрақсыз элеметтермен сипатталады. Кірпішті үйінділер кірпіш сынықтарынан, кірпіш кесектерінен, сылақтан, темір бетонның қалдықтарынан, металл, ағаш конструкцияларынан тұрады. Олар ірі элементтер мен қуыстың болмауынан өте қалыңдығымен сипатталады.

Үйінділер пайда болуы электр қуатының бұзылуына, жылу, газ, сантехникалық жəне басқа жүйелердің бұзылуына əкеп соғады. Бұл өрт шығу, жарылыс, су басу, электр тоғының зақымдану қаупін төндіреді. Əсіресе қауіпті заттар шығарылатын жəне сақталатын өнеркəсіп құрылыстарындағы үйінділер өте қауіпті. Əдетте құрылыстың қирап, үйінділердің пайда болуы адамдардың қоршауда қалуына, жарақаттануына жəне олардың өліміне алып келеді. Зардап шегушілер бұзылған жер төлелердің жəне жер асты қорғау ғимараттарының, технологиялық үй асты қоймасының жəне бірінші қабаттағы үйлердің үйіндісіндегі үстіңгі, ортаңғы жəне төменгі бөліктерінде болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда олар əртүрлі қабаттарда көбінесе қираған ғимараттарда, қуыстарда жəне бос жерлерде, шатырларда қалулары мүмкін.

Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстары төмендегідей барлау жүргізуден басталады:

  • ТЖ аймағын жəне оның сипатын анықтау;
  • зардап шегушілердің тұрған орнын жəне жағдайларын анықтау;
  • ТЖ аймағындағы    нысаналардың    жағдайын    (инженерлік         жүйенің құрылысын, коммуникациясын) бағалау;
  • химиялық, бактериологиялық    зақымданудың,                     уландыратын             жəне жарылу қаупі бар заттардың өрт ошақтарын анықтау;
  • кіре беріс жолдардың аралығын анықтау, техникаларды белгілеу, зардап шеккендерді көшіру жолдарын қарастыру.

Барлау жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар зардап шегушілерге көмек көрсету үшін үйінділерді аршуға кіріседі. Сонымен бірге, бұл жерде екі негізгі тəсілдер қолданылады: үйіндіні үстінен аршу жəне үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау.

Үйіндіні үстінен аршу – үйіндінің үстіңгі бөлігіндегі зардап шегушілерге көмек көрсету үшін жəне оларға еркін баруды жүзеге асырады. Үйінділер қолмен сүйменді, күректі, қалақты пайдаланып тазартылады. Үйіндінің ірі жəне ауыр элеметтерін көтеріп басқа жаққа қою үшін жүк көтеретін құралдар (домкраттар, лебедкалар, крандар) қолданылады.

Үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау. Көбінесе зардап шегушілер үйіндінің түпкі жағында болады. Оларды шығарып алу үшін құтқарушылар адамдарға дейін жететін қысқа қашықтықты ескере отырып, үйіндінің бөліктерін жеңіл аршитын арнайы тар жол (тесік) жасайды. Тар жолды үлкен кесектерге тікелей жақын жерден жасауға болмайды, өйткені олар опырылып, құлап жұмысты қиындатады. Тесікті көлденең, көлбеу жəне тік бағытта жасайды. Тесіктің қолайлы ені — 0,8-0,9м, биіктігі- 0,9-1,0 м. Тесікті жасау жөніндегі жұмысты бірнеше топ (3-4 адамнан), қолмен немесе құралдарды пайдаланып істейді. Олардың міндеттеріне үйінділерді аршу, тесіктерді жасау, тіреу элементтерін дайындау жəне құру, шығарылған үйінділерді тазалау, зардап шегушілерді босатып алу жəне оларды тасымалдау жатады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде құтқарушыларды ауыстыру төрт аяқтап, еңбектеп, арқасымен жатып, екпетінен жатып жер бауырлап, ішпен, бүйірімен жылжи отырып жүзеге асырылады. Егер құтқарушының жылжуы кезінде ірі темір бетондар, металдар, ағаштар, кірпіш бұйымдары бөгет жасаса, онда оларды айналып өту қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса бұзу керек, кейбір жағдайда оларға тесік жасауға болады. Өтетін тесікті жасау кезінде қабырғаның қирауына жол бермеу мақсатында, оның сенімді бекітілуіне ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін арнайы алдын – ала дайындап қойған: тіреуіштер, тірек таяныштар, тақтайшалар, қырлы кесектер, қалқандар, сияқты тіреуіш материалдар қолданылады.

Өтетін тесіктерді жасау кезінде үйіндінің үстіңгі жағынан құтқарушылардың жəне техникалардың жүруіне рұқсат етілмейді.

Өтетін тесіктерді жəне өтетін жерлердің жұмыстарын жасап болғаннан соң құтқарушылар адамдарды босатуға кіріседі. Бірінші кезекте зардап шегушінің жағдайы жəне оның алған жарақатының дəрежесі анықталады. Содан кейін басылып қалған немесе қысылып қалған дене мүшелеріне бір уақытта бұрау жəне қысып тұратын таңғыш байлап босатады, ауыз жəне мұрын қуыстары тазартылады, зардап шегушінің үстіндегі қирандылардың майда бөлшектері, қоқыстар, ұсақ тастар алынып тасталады. Зардап шегушінің жағдайына байланысты оны шығарып алу жəне тасымалдау əдістері таңдалады. Зардап шегушіні үйіндіден кем дегенде екі құтқарушы шығарып алу керек. Егер мұндай мүмкіндік болса, онда оны қолынан немесе үстіңгі иық белдеуінен тартып шығарады. Егер бұл мүмкін болмаса, онда құтқарушылар оның иық белдеуінің жəне сегіз көзінің астына қолын салып, тек содан кейін ғана зардап шегушіні абайлап шығарады. Кейде зардап шегушіні жатқызу үшін тығыз матаны немесе зембілді қолданған қолайлы. Егер зардап шегуші үйіндінің үлкен жəне ауыр элементтерінің астында қалса онда оны қысқыштың, домкраттың, жүк көтеретін техникалардың көмегімен босатады. Зардап шегуші топыраққа басылып қалған жағдайда оны қазып алу арқылы босатуға болады.

ТЖ салдарын жоюға байланысты шараларын жоспарлауды ұйымдастыру

 Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында жəне оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін жəне кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай – ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын жəне зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.

Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы – төтенше жағдай бойынша комиссия, атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.

Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу жəне бақылауға арналған жəне іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мəліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:

  • апаттық аймақтың қысқаша сипаты (зақымдану ошағы);
  • төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;
  • жұмыс реттілігі;
  • төтенше жағдай аумағында қоғамдық тəртіп сақтау ережелері;
  • медициналық шараларды ұйымдастыру;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • басқаруды ұйымдастыру;
  • материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету.

Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты. Бұл жетекшілік жəне күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпараты алына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тəуелді.

Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі жəне сипаты бойынша мəліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштер құрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тəртібін көрсететін шешім шығарады.

Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дəрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық жəне химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану жəне химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін жəне сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін жəне қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын – тұтас жəне жеке өрттер бөлігін, өрт сөндіру əдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары жəне ветеринарлар шақырылады.

Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару жəне басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі жəне қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.

Бірінші сатысында нысандар жəне халықты жедел қорғау мəселесі жүргізіледі жəне дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа жəне жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.

Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тəртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жолдар, өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру жəне адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендерде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, жəне топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі əдіс – тəсілдер пайдаланылады:

  • төгілген затты тасымалдау;
  • ҚХЗ таралуына бөгет жасау;
  • ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.

Əртүрлі органдардан жəне арнайы кешендік барлаудан алынған мəліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды.

АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:

  • Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық.
  • Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі.
  • АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тəуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға жəне құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы əзірлігі.

Құтқарушылардың жабдықтарына қойылатын талаптар

 Жұмыстың əр алуан түрлері, олардың орындалу шарттары, ТЖ əртүрлі айрықша əсерінің ықпал етуі, уақыттың тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге жəне көліктерге де жоғары талап қояды.

ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге жəне көліктерге де жоғары талап қояды.

Олар келесі:

  • қауіпсіздік, сенімділік, көп профилділік;
  • жабдықталуға қолайлылық жасау;
  • барлық жағдайда жұмысқа қабілеттілік;
  • құтқарушылардың психофизиологиялық мүмкіндігіне сəйкес келу сиякты талаптарды қанағаттандыру керек.

ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын құрал – саймандардың, көліктердің, механизмдер мен қорғау құралдарының шамамен мыңға жуық атаулары бар толық тізбелерінің болуы қажет. Олардың ішіндегі төменде көрсетілгендері жиі қолданылады

Жабдықтар мен саймандар нақты жағдайға байланысты тандалады. ІҚЖ сəтті болуы құтқарушылардың материалдық – техникалармен жабдықталуына тікелей байланысты. Байланыс құралдары өзінің ұйғарылған қызметіне барынша сəйкес келетіндей болып тандалуы тиіс. Алыс қашықтықта байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлы радиостанцияларды, ал тікелей жұмыс орнындағы байланысты жүргізу үшін тасымалданатын ра- диостанцияларды қолданады. Радиотəртіпті эфирде ұстау үшін барлық келіссөздер қысқа, айқын жəне анық болу керек. Құтқарушылардың жабдықтануына жарық жəне дабылдың дыбыстық құралдары: ракеталар, фонарлар, дабылдар, ысқырықтар кіру қажет. Қажетті ақпаратты алуға, (жол туралы анықтама, метеорологиялық мəліметтер мен болжам алу жəне т.б.) өкіметтің жергілікті органдарының əкімшілік көмегі, басқа ұйымдармен өзара əрекеттесу мəселелеріне ІҚЖ көлікпен (өздерінің көліктері болмаған кезде) қамтамасыз ету жатады. Таудағы ІҚЖ – на туристер, тау шаңғышылары, спелеологтар, əскери қызметкерлер жəне жергілікті тұрғындар араласуы мүмкін. Əдетте оларға арнайы керек – жарақпен қамтамасыз ету мен физикалық дайындықты талап етпейтін болмашы міндеттер жүктеледі.

Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау, барлау аспаптары құралдарымен жабдықталуы

Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар байланыс жəне хабардар ету қызметі Азаматтық қорғанысты басқару органдарын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар қаупі туралы халықты жəне басқару органдарын уақытында хабардар етуді ұйымдастыру, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.

Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау қызметтің міндеттері:

Төтенше жағдайлар қаупі мен туындайы туралы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану, радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану қаупі туралы халықты хабардар ету;

Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын бейбіт жəне əскери уақытта жалпы мемлекеттік, ведомствалық мекемелер мен байланыс арналарын пайдалануды қамтамасыз ету;

Кез-келген заңды тұлғаға тиесілі жұмыс істеп тұрған байланыс жүйелері мен түрлерінің үнемі дайындығын олардың ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне байланыссыз халықты төтенге жағдайлар туралы бейбіт жəне соғыс уақытында хабардар ету;

Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар басқару органдарымен бірлесе отырып халықты қорғау жөніндегі іс-шаралардың өтуі, территорияны жəне ұйымдарды қорғау, құтқару жəне шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аудандары мен зақымдану ошақтарында өткізу туралы байланысты жоспарлау мен ұйымдастыру;

Байланыс жəне хабарлар ету жүйесін дамыту мен жетілдіру;

Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар іс-шараларын автоматтандырылған басқару жүйесін құру;

Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар жөніндегі сигналдарды тарату (қабылдау) ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;

Облыстардың, қалалардың, аудандардың Азаматтық қорғаныс бастықтарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органның басшыларын, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының басқару пунктерінде байланыс құралдарының үнемі дайындықта болуын ұстау, байланыспен үздіксіз қамтамасыз ету;

Байланыс құрылымдарын құруды, ұйымдастыру мен тармақтауды, олардың дайындығын, жеке құраммен, техникамен жəне мүлікпен қамтамасыз етілуін басқару;

Байланыс желілері мен құрылыстарында апаттық жұмыстарды жүргізу;

Байланыс жəне хабардар ету құралдарының жағдайын, олардың тез арада қалпына келуі мен істен шыққан жағдайда жөнделуін жүйелі түрде бақылау мен сапалы қызмет көрсету;

Басқа министрліктер мен ведомостволардың байланыс құрылымдарымен Азаматтық қорғаныс күштерімен, апаттық – құтқару құрылымдарының қызметтерімен, Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар қызметімен, арнайы тұтынушылармен, жергілікті атқарушы органдармен бейбіт жəне соғыс уақыты кезінде төтенше жағдайларды басқаруда басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты ұйымдастыру;

Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарына халықаралық (қалааралық) сөйлесулерді, телеграф жəне почта байланыстарын уақытында бөлуді қамтамасыз ету, олардың тапсырыстарына сəйкес белгіленген нормалар бойынша басқа тұтынушылармен байланысты, сонымен бірге келісім-шарт негізінде барлық деңгейдегі байланыс пен хабардар етуді пайдалану – техникалық жағынан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

Байланыс қызметінің шұғыл дайындығын ұйымдастыру мен жүргізу;

Туындаған жағдай туралы деректерді жинау, оларға талдау жасау, қызмет бастықтарының шешім қабылдауы үшін ұсыныстарды əзірлеу, орындаушыларға дейін міндеттерді қою мен жеткізуді, уақытша жəне тұрақты сұлба бойынша байланысты қалпына келтіру, орындауды бақылауды ұйымдастыру;

Төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында Азаматтық қорғаныс күштерінің қозғалысын байланыспен қамтамасыз ету, белгіленген бағыттар бойынша халықты жылжытуды қамтамасыз ету.

Такелажды жұмыстар

ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар. ТЖ зардабын жою кезінде құтқарушылар мынандай жұмыстарды жиі орындайды: əртүрлі жүктерді буады, оларды көтереді, орынын ауыстырады, түсіреді, тораптарды шешеді, болат жəне зығыр арқандарды жалғайды, шығырларды іледі, жүк көтеретін техникасын орнатады. Бұл жұмыстың барлығы такелажға қатысты. ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстардың ерекшелігі жүктердің əртүрлігіне, басым көпшілігінде қоятын арнайы орынның жоқтығына, тұтас тұрмай бұзылуы салдарынан тасымалдау кезінде жүктің аяқ асты құлауына, жұмыс жағдайының əркелкілілігіне негізделеді.

Такелажды жұмыстың күрделі ерекшелігі жəне жауапкершілігі көп тонналы жүктердің астында қалған зардап шегушілерге көмек көрсету кезінде.

Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар болып:

  • иінтіректер, лебедкалар, домкраттар, жүк көтергіштер, аспалы арқан тростар;
  • жүк көтеретін крандар, тікұшақ – крандар жатады.
  • Такелажды жұмысты орындау үшін:
  • болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, орағыштар;
  • жүкті іліп     алатын     құрылғы,     ілмектер,     полиспастар,               анкерлі құрылғылар;
  • аударғыштар, тартқыштар сияқты қосалқы құрылғылар жатады. Жүктерді шағын биіктікке     көтеру   жəне ауыстыру үшін         (20-40     см)

құтқарушылар домкратты пайдаланады. Олар елеусіз мөлшерде жəне массада тасымалдаушы жүк көтеретін механизм. Домкраттар тақтайшалы, бұрандалы, гидравликалық, пневмогидравликалық, сына тəрізді болады. Олар мықты табандарға орнатылады жəне адамның бұлшық ет күшімен іске келтіріледі. Бір жүк көтергіш жетпеген жағдайда бір уақытта 2-3 домкратты қолдануға болады. Жүкті көтергеннен кейін оның астына ағашты немесе металды тіреуіш қою қажет. Содан кейін домкратты босату жұмыстары орындалады.

Жүктің массасы он шақты болған жағдайда кейде жүз тонна болса онда арнайы жалпақ пневмакөтергіштер қолданылады.

Жүктерді көтеру жəне ауыстыру лебедканың жəне жүк көтергіштердің (қол иінтіректердің, барабандардың) көмегімен жүзеге асырылады. Олар жерге ілінеді немесе орнатылады. Жүктерді бекіту үшін ілмек жəне арқандар қолданылады.

Такелажды жұмыстар көбінесе пневмодоңғалақтар немесе шынжыр табан сонымен қатар тік ұшақ – крандардың жүру кезінде жүк көтергіш крандардың көмегімен орындалады. Орау үшін (жүктерді орау) орағыш, болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, қамтығыштар, ілгектер қолданылады.

Такелажды жұмыстың маңызды элементіне жүктерді алып жүру жəне оларды ауыстыру, түсіру, орнату, орау жатады. Жүкті ауада ауыстыру кезінде теңселісті болғызбау мақсатында кеңістікте жəне кідірісте жүкті бағдарлау үшін жіп құрылғысы – тартқыш қолданылады оның бір ұшы жүкке ал екінші ұшы құтқарушының қолында болады.

Қауіпсіздік ережесі. Жүкті түсіргеннен жəне бекіткеннен кейін оны (орналастыру) орау жүргізіледі. Жүктің орауын жеңілдету үшің жəне құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, адамның қатысуынсыз орауды қамтамасыз ететін арнайы жартылай автоматты құрылғы пайдаланған дұрыс. Кранда істейтін жұмысшы жəне ораушы – құтқарушылардың арасындағы байланысты орнату үшін радиотелефонды байланыс жəне белгі беретін дабыл қолданылады.

Кейде зардап шеккендерді босатып алу үшін жүкті тек кана шамалы биіктікке көтеру қажет. Бұл жағдайда оның астына арнайы тіреуіштер немесе қолмен материалдан жасалған тіреуіштер қойылады. Тек содан кейін ғана зардап шегушіге көмек көрсету керек. Такелажды жұмысты жүргізу кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігі олардың қозғалыстарының сəйкестігіне, қолданылатын жабдықтардың жəне техникалардың сенімділігіне, шұғыл жағдайларда өздерін қалай ұстау ережелерін білулеріне байланысты.

Такелажды жұмысты жүргізуге қатысушылардың негізі қауіпсіздік ережесі – ешқашан жүктің астында тұрмау.

Тəжірбиелік сабаққа арналған оқу-əдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Құтқарушылардың берілген тапсырмаларды табысты орындауы тек жұмыс бойында ақыл – ойының жəне дене күшінің қабілетті болуына қолдау көрсетіліп отырғанда ғана мүмкін. Бұның негізі теңестірілген тағамда жатыр. Тағамда тек қана ақуыз, май, көмірсутектердің дұрыс байланысуы ғана емес, сонымен қатар оларда міндетті түрде қолда бар басқа да биологиялық белсенді заттардың болуы маңызды.

Теңестірілген тағам. Құтқарушының күндізгі рационы дененің əрбір килограмм массасында 1,5 г ақуыздан аз болмау керек, соншама май көмірсутектен 4 есе көп, сонымен қатар 30-35 г ас тұзы, су жəне т.б. болу кажет.

Үдемелі жүктемелер кезіндегі рацион. Орташа жəне орташадан жоғары үдемелі жүктеме кезінде адам организмнің күш жұмсауы күніне 3200 ден 4000 ккал құрайды. Төтенше жүктеме кезінде жұмсалатын күш 4600-5000 ккал дейін көтеріледі. Сондықтан тағам рационы организмге қажетті барлық элементтен тұратын əртүрлі өнімдерден құрылуы керек.

Тағам рационы орман өнімдерімен (саңырауқұлақтар, жидектер, жабайы ағаштардың жемістері), ауланған аң, балық өнімдерімен толықтырылуы мүмкін. Тағам өнімдерін тұтыну белгіленген тəртіп бойынша жүзеге асады, ыстық асты күніне мүмкіндігінше екі – үш рет жəне бір мезгілде ішкен пайдалы. Түскі асқа күндізгі рационнан 40%, таңертеңгі асқа — 35%, кешкі асқа — 25% жұмсалады.

Ауыз суды пайдаланудың тəртібі. Жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстау үшін құтқарушы ауыз суды оңтайлы пайдалануы қажет.

Организм жоғалтқан судың орны толтырылуы керек, əйтпесе дененің құрғауы басталады. Адам 1-2% массаға тең суды жоғалтса, денені қатты шөл қысады; 3-5% жоғалтса, лоқсу, қысылу, селқостық, шаршау болады; 10% жоғалтса, организм де қайтымсыз өзгеріс пайда болады; 20% жоғалтса, адам өледі.

Су мұқтаждығы жұмыстың орындалу қарқынына, температураға жəне ауа ылғалдығы мен адам денесінің массасына байланысты. Біркелкі температурадағы аудандарда шектеулі күш жұмсау кезінде суды тəулігіне тұтыну 1,5-2,0 л, шөл жəне шөлейт аймақтарда 4-6 л жəне одан да жоғары болады.

Артық күш жұмсау мен жүйке ауыртпалығы кезінде суды тұтыну 2-3 есе артады.

Табиғи жəне жасанды су айдындарындағы су қауіпсіз пайдаланудың талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан оны пайдаланар алдында қайнатқан дұрыс. Ластанған немесе лайланған суды қайнатар алдында марганцовкалы қышқыл калийімен немесе арнайы препараттармен тазалау керек. Сонымен қатар суды дымқыл жерді терең қазып, нығыздалған мата мен арнайы сүзгіштерді қолдана отырып, сүзуге болады. Егер су шамадан тыс ащы болса (теңіз, тұзды көл), онда оны булау мен конденсация тəсілі арқылы тұщыландыру керек. Тұз жетіспеген суларға (биік тау су айдындары, тау көлдері) тұз салуға болады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close